2025 жылдың қаһармандары

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылы өзгенің өмірі үшін өз өмірін аямаған қазақстандықтар аз болмады. Олардың кейбірі көз жұмғаннан кейін марапатталып жатты.

Когда не прошли мимо: героические поступки казахстанцев в 2025 году
Коллаж: Kazinform

Алматы әуежайындағы оқыс оқиға

2025 жылдың басында Алматы халықаралық әуежайында қарапайым жолаушы бір адам ажалдан аман қалып қалғаны хабарланды.

Видеодан 7 наурыз күні белгісіз ер адам алдын ала тексеру аймағына келіп, әуежай қызметкерін шашынан ұстап, пышақпен қорқыта бастағанын көруге болады. Полиция келіссөз жүргізіп жатқан сәтте рейске танысын шығарып салуға келген басқа бір ер адам қыздың орнына кепілге өзін алуды ұсынады. Ол қолайлы сәтте пышақты жалаң қолымен ұстап, күдіктіні полицияның тұтқындауына жағдай туғызады.

Кейін бұл 53 жастағы Мұса Әбдірайым есімді адам екені белгілі. Оған «Ерлігі үшін» медалі табысталды. 

Когда не прошли мимо: героические поступки казахстанцев в 2025 году
Фото: instagram.com/abdraimov_musa

Ал әуежайдың шырқын бұзған Машрапбек Баратов шілде айында «Кепілге алу», «Қарумен жасалған бұзақылық» және «Терроризм актісі туралы жалған ақпарат тарату» баптары бойынша 10,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қос аққуды құтқарған

Павлодар облысында Баянауыл ауданында жылы жаққа ұша алмай, Сулысор көлінде қалып қойған екі аққудың тағдыры қазақстандықтарды бейжай қалдырған жоқ. Бірлік ауылдық округінің тұрғыны Бауыржан Жақыпов шарасыз құстарды құтқарып, осы ерлігі үшін біраз марапаттарға ие болды. 

Қос аққу облыс орталығындағы ветеринарлық клиникада қыстайтын болды.

Аты-жөнін жасырған құтқарушы

16 қарашада 42 жастағы Көкшетау тұрғыны Сергей Цупкин мұзда ойнап жүріп Қылшақты өзеніне түсіп кеткен 7, 8 және 9 жастағы үш баланы құтқарып қалды. 

Бірнеше күн бойы балалар да, құтқарушылар да белгісіз батырдың кім екенін біле алмаған.

Ақыры әлеуметтік желі арқылы батыр жұмбақ құтқарушының кім екені анықталып, облыстық төтенше жағдайлар департаменті Сергей Цуакинке алғыс хат пен бағалы сыйлық табыстады.

Сергей Цупкин
Фото: Ақмола облыстық ТЖД

Шақырудан оралмаған фельдшер

Астаналық фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасы өз мамандығына адалдықтың мысалы болып тарихқа енді. 

8 қараша күні Астанада ғимарат қаптамасының опырылуынан зардап шеккендерді құтқаруға келген Ұлдананың үстіне де ауыр зат құлап, ауыр жарақаттан көз аша алмай кетті. 
Екі ай бұрын ғана тұрмыс құрған фельдшерге «Ерлігі үшін» медалі табысталды.

п
Фото: rustemova_aliya / instagram

Үш баланы ажалдан құтқарған ер адам

23 қазанда Семейде екі ер адам жер үйдегі өрттен 74 жастағы ер адам мен 73 жастағы әйелді аман алып шықты. Өрт сөндірушілер келгенше үйдегі газ баллонын шығарып, жарылыстың алдын алған. Исай Қыдырханов пен Тимур Кәкімов Төтенше жағдайлар минисрлігінің «Өртте көрсеткен қайсарлығы үшін» медалімен марапатталды.

Исай Кыдырханов и Тимур Какимов
Фото: Абай облыстық ТЖД

Еріксіз құтқарушы

Шығыс Қазақстан облысының бір ауылында да жер үй өртеніп, 4 бала құтқарылды. Өрт балалардың анасы жұмыста жүрген кезде шыққан. Көмекке шақырған айғайды бірінші естіген Дмитрий Недозрелов көмекке ұмтылады.

Ол жеткен кезде 6 және 13 жастағы екі бала, іште 2 және 4 жастағы екі бала қалғанын айтады.

Дмитрий Недозрелов
Фото: ҚР ТЖМ

Дмитрий екі баланы үйден аман шығарып, дәрігерлерге тапсырады.

Алматылық «Өрмекші адам»

Алматыдағы тұрғын үйлердің бірінде балкон өртеніп жатқанын көрген тұрғын ойланбастан көмекке жүгіреді. Балконнан балконға өрмелеу арқылы 2 минутқа жетпейтін уақыттың ішінде өрт ошағына жеткен 33 жастағы Асыл Ахметов түтіндеп жатқан қоқысты төменге тастап, алапат өрттің алдын алған. Жергілікті әкімдік оның бұл ерлігін елеусіз қалдырған жоқ.

10 мың метр биіктіктегі реанимация

Қаңтар айында Қызылорда-Астана бағытындағы әуе рейсінде жолаушының жүрегі тоқтап, елордадағы медицина университетінің студенті Дінмұхаммед Бектұрғанның арқасында аман қалды. Ол дереу реанимация жасап, жолаушыға дер кезінде көмек берген. Кейін оның бұған дейін де дәл осындай сапарласына алғашқы медициналық көмек көрсеткені белгілі болды.

Динмухаммед Бектурган
Видеодан алынған скрин

Өзі өлгенмен өзгеге өмір сыйлағандар

2025 жылы Қазақстанда мәйіт доноры болған 14 адам к адамға өмір сыйлады. 

посмертные доноры
Фото: Алматы әкімдігі

• 63 жастағы әйелдің ағзасы алты науқастың өмірін ұзартты. Олардың ішінде 2017 жылдан бері күту парағында тұрған адам да бар.

• Ал 58 жастағы алматылық ер адам төрт адамға өмір үшін күресуге мүмкіндік сыйлады. 

• 50 жастағы әйелдің жүрегі 34 жастағы ер адамға салынды. Оның қасаң қабығы тағы бір адамның көру қабілетін қалпына келтірді.

• Желтоқсанда Маңғыстау облысында 45 жастағы адамның жүрегі мұқтаж пациентке салынды.

Соңғы жаңалықтар