2025 жылға дейін Байқоңыр ғарыш айлағынан тоғыз рет зымыран ұшыру жоспарланған
АСТАНА.KAZINFORM — Ресей тарапынан ұсынылған жоспарда «әскери ғарыш аппараттарын ұшыру, сондай-ақ Байқоңыр ғарыш айлағынан зымыран сынағын өткізуді қамтымайды» делінген, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.

— 2025 жылы ұшырылымдар Ресей Федерациясының «Ресей ғарыш қызметі» мемлекеттік бағдарламасы, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары және коммерциялық жобалар аясында жүзеге асырылады, — делінген хабарламада.
Кестеге сәйкес жаңа жылда Халықаралық ғарыш стансасының бағдарламасы бойынша алты зымыран ұшыру жоспарланған. Атап айтқанда «Союз ТМ» ғарыш кемесі сондай-ақ «Прогресс МС» ғарыштық жүк көліктері ұшуы тиіс.
Сондай-ақ 2025 жылға арналған жоспарда ғарыш аппараттары бар «Протон-М» ауыр зымыран тасымалдағышын екі рет ұшыру және «Бион-М» биологиялық № 2 жер серігімен «Союз 2.1б» зымыран тасымалдағышын ұшыру қарастырылған.
Бұл күндері «Байқоңыр» ғарыш айлағында «Союз 2.1б» зымыран тасымалдағышы ресейлік ғарыш кемесінің «Ресурс П» тобындағы бесінші жер серігімен бірге ұшыруға дайындалып жатыр.
«Байқоңыр» ғарыш айлағынан алдыңғы ұшыру 2024 жылдың 21 қарашасында «Прогресс МС-29» жүк кемесі ХҒС-қа аттанған кезде жасалды.