2025 жылғы алғашқы алты айда құрылыс саласындағы өсім 18,4%-ға жетті
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылдың алғашқы жартысында құрылыс жұмыстарының көлемі 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда артқан, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Өсімнің басты себебі – ғимараттар мен тұрғын үйлерді салу және жөндеу жұмыстары:
-
Ғимараттар құрылысы – +29,2%
-
Тұрғын үйлер құрылысы – +15,8%
Қандай құрылыс жұмыстары көбірек орындалды?
-
Тұрғын емес ғимараттар – жалпы көлемнің 22%
-
Автомобиль, теміржол және метро жолдары – 21,8%
-
Тұрғын үйлер – 14,2%
Қай өңірлерде құрылыс көбірек өсті?
Республика бойынша 19 өңірде құрылыс жұмыстары көбейген.
Ең көп өсім байқалған облыстар:
-
Ақмола – +54,9%
-
Қостанай – +50,6%
-
Қызылорда – +44,5%
-
Батыс Қазақстан – +39,4%
-
Жетісу – +37,1%
-
Алматы облысы – +30,6%
-
Маңғыстау – +29,9%
-
Солтүстік Қазақстан – +26,7%
-
Түркістан – +25,1%
-
Қарағанды – +22,5%
-
Ақтөбе – +21,8%
Үш ірі қалада да өсім бар:
-
Алматы қаласы – +33,6%
-
Астана – +33,6%
-
Шымкент – +20,2%
Қанша тұрғын үй пайдалануға берілді?
Жалпы алаң – 7933,4 мың м². Оның ішінде:
- Көп пәтерлі үйлер – 5083,0 мың м²
- Жеке үйлер – 2755,2 мың м²
- Жеке құрылыс салушылар (жеке адамдар мен компаниялар) жалпы көлемнің 92,6%-ын (7343,5 мың м²) салған.
- Халықтың өзі салған үйлер – 2857,8 мың м²
Әлеуметтік нысандар құрылысы
2025 жылғы қаңтар–маусымда келесі нысандар пайдалануға берілген:
-
111 мектеп – 122 929 оқушыға арналған
-
17 балабақша – 2839 орын
-
1 аурухана – 381 орын
-
30 емхана/амбулатория – күніне 1205 адамды қабылдай алады.
Бұдан бұрын Астанада құрылыс алаңында кран аударылып, жұмысшы қаза тапқанын жазғанбыз.