2025 жылғы Азия ойындары: Қазақстан құрамасы керлингтен бірінші матчында жеңіліп қалды

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылы Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында керлингтен аралас жұптар арасындағы жарыстар басталды.

2025 жылғы Азия ойындары: Қазақстан құрамасы керлингтен алғашқы матчында жеңіліп қалды
Фото: ҚР ҰОК

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, бұл бағдарламада Қазақстан намысын Әмина Сейітжанова мен Азизбек Надирбаев қорғайды.

Біздің спортшылар топтық кезеңдегі алғашқы матчында Қытай құрамасымен кездесіп, сегіз эндтің қорытындысы бойынша 11:5 есебімен қарсыластарына жол берді.

Айта кетейік, Қазақстан B тобында өнер көрсетеді. Бұл топқа сондай-ақ Оңтүстік Корея, Қатар, Қырғызстан, Филиппин және Қытай командалары кірген.

Бүгін, 4 ақпан күні Қытайдың Харбин қаласында IX қысқы Азия ойындарының керлинг спортынан жарыстар басталатынын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар