2025 жылғы Букер сыйлығының жеңімпазы жарияланды

АСТАНА.KAZINFORM — Канадалық-венгриялық-британдық жазушы Дэвид Салейге «Тән» романы үшін Букер сыйлығы берілді, деп хабарлайды сыйлықтың веб-сайты.

2025 жылғы Букер сыйлығының жеңімпазы жарияланды
Фото: thebookerprizes.com

Венгриялық-британдық жазушы Дэвид Салей «Тән» романы үшін 2025 жылғы Букер әдебиет сыйлығының жеңімпазы атанды. Сыйлықтың веб-сайтындағы ақпаратқа сәйкес, бұл туралы Лондондағы рәсімде қазылар алқасының төрағасы, ирландиялық жазушы Родди Дойл хабарлады.

Қазылар алқасы іріктеуден өткен алты кітапты бес сағаттан астам уақыт бойы талқылаған.

— Біз қайта-қайта орала берген, басқа керемет романдардың арасында ерекшеленгені «Тән» романы болды. Біз мұндай кітапты ешқашан оқыған емеспіз. Көп жері бұлыңғырлау, бірақ оқып рахаттанасың, — деді Родди Дойл.

Салейге 50 мың фунт стерлинг және өткен жылғы жеңімпаз Саманта Харви сыйға тартқан кубок берілді.

Дэвид Салей, басылымда айтылғандай, қазылар алқасының назарын тақырыбының ерекшелігімен және оның ұсынылуымен аударды. Кітапта Халықаралық ғарыш станциясында алты ғарышкердің, оның ішінде екі ресейлік ғарышкердің бір күні сипатталады.

Роман еркектік, таптық және билік тақырыптарын зерттейді. Салейдің өзі кітапты «қазіргі Еуропа және оны сипаттайтын мәдени және экономикалық айырмашылықтар туралы» деп сипаттайды.

Соңғы жаңалықтар