2025 жылы әлем бойынша шамамен 130 журналист қаза тапты
АСТАНА.KAZINFORM - Халықаралық журналистер федерациясының (ХЖФ) мәліметI бойынша, 2025 жылы әлем бойынша 128 журналист қаза тапты, деп хабарлайды DW.
2025 жылы әлемнің әртүрлі аймағында 128 журналист және басқа да БАҚ қызметкерлері қаза тапты, оның ішінде 10 әйел бар.
Бұл статистикаға 9 журналистің кездейсоқ қазасы кіреді. ХЖФ мәліметі бойынша, 2024 жылы әлем бойынша 122 журналист, оның ішінде 14 әйел қаза тапты.
- 2024 жылмен салыстырғанда бұл өсім журналистер үшін қауіптілік деңгейін білдіреді,- деп түсініктеме берді ХЖФ президенті Энтони Белланжер.
Ұйым «биліктің БАҚ қызметкерлерін қорғаудағы үздіксіз сәтсіздігін» айыптап, «2026 жылға қарай зорлық-зомбылық пен жазасыздық циклін тоқтату үшін дереу және шешуші шаралар қабылдауға» шақырды.
1990 жылы БАҚ қызметкерлерінің өлімі туралы статистиканы жүргізе бастағаннан бері, ХЖФ бүкіл әлем бойынша барлығы 3173 журналистің өлімін тіркеді. ХЖФ сонымен қатар 2025 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша бүкіл әлемде 533 журналист түрмеде отырғанын көрсететін деректерді жариялады, олардың көпшілігі (143) Қытайда. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 516 журналист болған.
ХЖФ-тың бүкіл әлемде қаза тапқан журналистер саны туралы статистикасы «Шекарасыз тілшілер» (RSF) жинаған статистикадан өзгеше. Бұл үкіметтік емес ұйымның мәліметтері бойынша, 2025 жылы бүкіл әлемде 67 БАҚ қызметкері өз жұмыстарын атқару кезінде қаза тапқан. ЮНЕСКО бұл көрсеткішті 93 деп бағалаған.
БҰҰ бұған дейін Газаны тарихтағы кез келген қарулы қақтығыстың баспасөз үшін ең қауіпті жері деп атаған.
Өткен маусымда Тегерандағы теледидар орталығына жасалған Израиль әуе шабуылында екі ирандық БАҚ қызметкері қаза тапты.
Айта кетейік, Болгарияда танымал журналистің жұмыстан шығарылуының соңы наразылыққа ұласты.