2025 жылы әлемде ұшақ апаттарынан 418 адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Мұндай статистиканы Германияның авиация саласы одағы АҚШ-тың Aviation Safety Network порталының деректерін талдау негізінде жариялады, деп хабарлайды DW.
Бұл платформада әлем бойынша азаматтық авиацияда болған оқиғалар тіркеліп отырады. Дегенмен бұл статистикаға әу апаттарының бәрі емес, тек сыйымдылығы 14 адамнан асатын ұшақтардың апаттары ғана енгізілген.
Осы мәліметтерге сәйкес, өткен жылы әуе оқиғалары салдарынан 352 жолаушы, 33 экипаж мүшесі және жердегі 33 адам қаза тапқан.
Бұл көрсеткіш 2024 жылмен (334 адам) салыстырғанда жоғары. Алайда 50 жыл бұрынғы жағдаймен салыстырғанда айтарлықтай төмен. Өткен ғасырдың 70-жылдары әуе апатында қаза табу ықтималдығы 264 000-ға 1 болса, қазіргі таңда бұл көрсеткіш 11 459 330-ға 1 адам.
Сонымен қатар сол уақыттан бері әуе жолаушыларының саны шамамен 10 есе өсіп, жылына 4,7 млрд адамға жеткен.
Еске сала кетсек, былтырғы ең ірі әуе апаты — Air India әуе компаниясына тиесілі Boeing 787-8 Dreamliner ұшағының Үндістанның Ахмадабад қаласында апатқа ұшырауы болды.
Сондай-ақ Ақтау маңында апатқа ұшыраған әзербайжандық ұшаққа қатысты аралық хабарлама жарияланды.
Ал Алматыда Bek Air ұшағының апатына байланысты сот үкімі шықты.