2025 жылы «Алма-Арасан» радон көзі жаңартылады

АЛМАТЫ. KAZINFORM - Емдік қасиеттерімен танымал «Алма-Арасан» радон көзін қазіргі инфрақұрылымның жағдайына, қала тұрғындары мен туристердің көптеген шағымына байланысты жаңарту туралы шешім қабылданды. Бұл туралы қалалық Мәслихаттың баспасөз қызметі хабарлады.

«Алма-Арасан»
Фото: Алматы мәслихаты

«Алма-Арасанға» соңғы жөндеу жұмыстары 2019 жылы жүргізілген. Сондықтан демалыс орны заманауи стандарттарға сәйкес келу үшін реконстуркциялауды қажет етеді.

- Абаттандыру жобасы инфрақұрылым объектілерін толық реконструкциялауды көздейді. Негізгі іс-шаралардың қатарында қауіпсіз сырғанауға қарсы жабындары бар жаңа көпірлер орнату, жол желісін және жаяу жүргіншілер аймақтарын жаңарту бар. Ең қауіпті учаскелерде қоршаулары бар баспалдақтар орнатылады, сондай-ақ зақымдалған элементтерді күшейту және ауыстыру жүргізіледі. Сонымен қатар барлық учаскенің палубасы болат тордан жасалады, бұл жазда да, қыста да қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, - деп хабарлады қалалық мәслихаттан.

Сондай-ақ жоба аясында туристерге рельефті бағдарлауға көмектесетін, радон көзінің емдік қасиеттерімен таныстыратын жаңа көрсеткіштер мен ақпараттық стендтерді орнатылады.

Еске салайық, бұған дейін 2025 жылы Алматы облысында су шайып кеткен 3 көпір жөнделетінін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар