2025 жылы Алматыда 300 шақырым жол жөнделеді

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Биыл Алматыда жалпы ұзындығы 223 шақырым 253 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілген. Бұл туралы Алматы қаласының Қалалық мобильділік басқармасы хабарлады.

Дорога ремонт Жол жөндеу
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Биыл жөнделген жолдың ішінде ұзындығы 57 шақырым 20 магистраль көшеге, сондай-ақ ұзындығы 30 шақырымдай жаяу жүргіншілер жолдарына және 40 аялдама алаңдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілген. 

Оның ішінде: 

— Алатау ауданы — 66 көше;
— Алмалы ауданы — 15 көше;
— Әуезов ауданы — 18 көше;
— Жетісу ауданы — 29 көше;
— Медеу ауданы — 33 көше;
— Наурызбай ауданы — 22 көше;
— Түрксіб ауданы — 36 көше;
— Бостандық ауданы — 34 көше.

— 2025 жылы ұзындығы 300 шақырым көше жол желісінің жабынын орташа жөндеу жұмыстарымен қамту жоспарланған. Орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін көше тізімдері аудан әкімдіктерімен келісе отырып, сондай-ақ тұрғындардың өтініші бойынша құрылады, — деді Қалалық мобильділік басқарма басшысының орынбасары Асан Бостанов.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында 1 мың шақырымнан астам жол жөнделгенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар