2025 жылы елде қанша заңсыз дәрі-дәрмек анықталды

АСТАНА. KAZINFORM – Елімізде дәрі-дәрмек нарығында 2025 жылы заңсыз өнімдер анықталды ма? Бұл сұраққа ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті жауап берді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ: 2026 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН САТЫП АЛУ ШЕҢБЕРІНДЕ ДӘРІ-ДӘРМЕКТІҢ БАҒАСЫ 50%-ДАН 300%-ҒА ДЕЙІН ТӨМЕНДЕДІ
Фото: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

 - Комитеттің аумақтық департаменттері тарпынан 2025 жылы «Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 426-бабының 3-тармағына сәйкес, тіркелмеген дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сақтау және сату фактілері бойынша 161 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл тұрғыда жалпы сомасы 77 млн теңге сомасында материалдар сотқа жіберілді, - делінген ведомствоның Kazinform агенттігіне берген жауабында.

Бұған дейін дәрі-дәрмектер мен медициналық қызметтердің кейбірі қосымша құн салығынан босатылғанын жазған едік.

Атап айтқанда, Қазақстанда өмірлік маңызы бар дәрі-дәрмектердің 37%-ы өндіріледі.

 

Соңғы жаңалықтар