2025 жылы Қазақстанда мұнай өндіру көлемі артады
АСТАНА. KAZINFORM — ҚР Энергетика министрлігінің мәліметінше, биыл елімізде мұнай өндіру көлемі артады.

- Жер қойнауын пайдаланушылардың көмірсутекті өндіру бойынша көрсеткіштері негізінде 2025 жылға арналған мұнай өндіру көлемі жобалық құжаттарға сәйкес 96,2 млн тоннаны құрайды, - делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында.
Айта кетейік, былтыр желтоқса айында Үкімет басшысы газ бен мұнай өндіруді арттыруды тапсырды.
2024 жылдың аяғында ОПЕК+ елдері мұнай өндіруді 2026 жылға дейін қысқартуға келісті. Отырысқа қатысушылар келісім негіздеріне бейілділігін растады және ОПЕК-ке қатысушы елдер мен ОПЕК-ке кірмейтін елдер үшін мұнай өндірудің жалпы деңгейін ОПЕК+ 35-ші министрлік кездесуінде қабылданған шешімдерге сәйкес 2026 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуға келісті.
2026 жылдан Қазақстанда мұнай өндіру көлемі 100 млн тоннадан асады.