2025 жылы Қазақстанға 23,7 мың адам қоныс аударды

АСТАНА. KAZINFORM — Ұлттық статистика бюросы Қазақстан Республикасы халқының көші-қонына қатысты жаңартылған мәліметті таратты.

көші-қон саясаты
Фото: Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Алдын ала деректер бойынша 2025 жылғы қаңтар-желтоқсан аралығында елге (ықтиярхат алғандар) 23 761 адам келіп, ал 7 608 адам елден кеткен. Бұл ретте көші-қон сальдосы — 16 153 адам.

2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Қазақстаннан көшіп кеткендер саны 40,5%, көшіп келушілер саны 20,7% азайған.

— Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД мемлекеттерімен жүрді. Достастық елдерінен келгендердің үлесі 81,8%, ал осы елдерге кеткендердің үлесі 71,8% құрады. Мемлекет ішінде көшіп-қонушылар саны 2024 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,6% өскен, — делінген хабарламада.

Өңіраралық көші-қонның оң сальдосы еліміздің 4 өңірінде қалыптасты:

  • Астана (87 459 адам),
  • Алматы (12 110 адам),
  • Шымкент (15 130 адам) қалаларында,
  • Алматы облысында (33 126 адам). 

Бұдан бұрын Қостанайда ауыл-аудан тұрғындары азайып бара жатқанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар