2025 жылы Қытайда өрт саны мен зардап шеккендер азайды
АСТАНА. KAZINFORM — 2025 жылы Қытайда жалпы есеппен 841 мың өрт оқиғасы тіркелді, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 7,6%-ға төмен, деп жазады Синьхуа.
Бұл туралы Мемлекеттік өрт-құтқару басқармасы хабарлады.
Өрттен қаза тапқандар мен зардап шеккендер саны сәйкесінше 9,5% және 19,6%-ға азайған, ал тікелей материалдық шығын 2024 жылмен салыстырғанда 1,8%-ға өсіп, 8,53 млрд юаньға (шамамен 1,24 млрд АҚШ доллары) жеткені айтылды. Бұл ақпаратты басқарманың ресми өкілі Ван Вэй баспасөз конференциясында жеткізді.
Аталған кезеңде өрт сөндірушілер 25,93 млн рет және өрт сөндіру машиналары 4,699 млн рет шақыртылған.
— Оның жартысынан көбі өрт сөндіру мен құтқару операцияларымен байланысты болған, — деді Ван Вэй.
Соңғы үш жылдағы статистика бойынша, жыл сайынғы өрттердің шамамен 30%-ы тұрғын үйлерде, ал ғимараттар мен құрылыстардағы өрттердің 80%-ға жуығы сол жерлерде болып отыр. Өрттердің көпшілігі электр жабдықтарының істен шығуы мен отты абайсыз қолданудан туындаған.
Басқарма тұрғын үйлерде, әсіресе жалғыз тұратын қарттар мен үйде ата-анасының қадағалауынсыз жиі қалатын балалар үшін өртті ерте анықтайтын құрылғылар мен сигнализацияны кеңінен қолдануға шақырады.
Бұған дейін Қытай халқының 95%-ы базалық медициналық сақтандырумен қамтылғанын жаздық.