2025 жылы көктемде ауа райы қандай болады

АСТАНА. KAZINFORM – Қазгидромет 2025 жылғы наурыздан мамырға дейінгі аралықтағы ауа райы болжамын жариялады.

Весна Көктем ауа райы
Фото: Максат Шағырбаев/Kazinform

Синоптиктердің болжамы бойынша, наурыз - мамыр айларында Қазақстан аумағында температуралық фон әдеттегіден жылырақ, яғни нормадан 1-2 градусқа жоғары болады. Алайда бұл ретте ауа температурасы төмен кезеңдер де болуы мүмкін.

Орталық Азия аймақтарында жылу қарқын алғанда жаз мезгіліндей күн ысып, әсіресе сәуір және мамыр айларында осы құбылыс байқалуы мүмкін. Мысалы, былтыр сәуір айының ортасында республиканың көп облысында термометр бағаны +22+30°С-қа жеткен. Көктемде жаздың ауа райы орнаған.

2025 жылдың көктемінде өңірлер бойынша жауын-шашын мөлшері әртүрлі болады.

Наурыз айында республиканың басым бөлігінде нормадан көп, елдің оңтүстік-батыс жартысында (Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Ақтөбе жәнеҰлытау облыстарының оңтүстігінде) нормаға жуық жауын-шашын болжанады.

Сәуір айында республиканың басым бөлігінде болжам қалыпты, республиканың солтүстік-батыс жартысында (Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында және Ақмола облысының солтүстік-батысында) нормадан артық болады деп болжанып отыр.

Мамыр айында Қазақстан аумағының басым бөлігінде нормаға жуық, елдің оңтүстік-батыс бөлігінде және орталығында (Маңғыстау, Ұлытау, Қарағанды облыстарында, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының солтүстігінде) нормадан аз болуы мүмкін.

Мамыр айында норма қиыр солтүстік-батыста, елдің оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының, шығысының таулы, тау бөктерлі аудандарында (Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының солтүстік-батысында, сондай-ақ елдің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының, шығысының таулы және тау бөктерлі аудандарында) жаңбыр көбірек жауады.

Синоптиктер көктемде ауа температурасы күрт құбылуы мүмкін екенін ескертеді. Кей жерлерде қар жауады, әсіресе солтүстік облыстарда, сондай-ақ арктикалық ағындар кезінде боран болып, күн күрт суытуы мүмкін. Дегенмен оңтүстік ауа ағындарының күшеюімен, әсіресе сәуір және мамыр айларында температура бірден жоғарылап, ысуы мүмкін. Осылайша, 2025 жылы сәуір айының ортасында Қазақстанның басым бөлігінде термометр +22, +30°С-қа дейін көтеріледі.

2025 жылдың көктемі елімізде негізінен жылы болады. Бірақ ара-тұра суық ауа райы болжанады. Қар жауып, аяз болуы мүмкін, сондай-ақ ыстық ауа райы ерте басталуы мүмкін.

Жауын-шашын әркелкі таралады: солтүстік облыстарда ылғал көбірек, оңтүстік және орталық аймақтарда аз болады.

Еліміздің 14 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланғанын жазған болатынбыз.

 

Соңғы жаңалықтар