2025 жылға дейін Солтүстік Қазақстан облысында 16 мектеп салынады
![None None](/static/img/plug.webp)
«Облыстың кешенді жоспарында білім беру саласын дамыту бойынша маңызды бастамалар қарастырылды. Мектепке дейінгі және орта білім бойынша өңірде 2025 жылға қарай 2-6 жастағы балаларды қамтуды 95 пайызға дейін жеткізу қарастырылған. Ол үшін жыл сайын кестеге сәйкес жаңа балабақшалар ашылатын болады. Ваучерлік қаржыландыру тетігін және жекеменшік балабақшаларды дамыту жұмыстарын ұйымдастырымыз», - деді министр.
Оның айтуынша, өңірдегі апатты жағдайдағы мектептер желісін және оқушы орындарының тапшылығын қысқарту үшін 16 мектеп салу көзделген.
«Бұған қоса ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларға арналған 400 орындық түзету мектеп-интернаты салынады. Облыстағы 416 мектепті жаңғырту жобасы жүзеге асырылады. Жоба аясында күрделі жөндеу, мектеп жиһаздарын жаңарту, кабинеттерді жабдықтау, турникеттер мен бейнебақылау орнату қарастырылған. Мұның бәрі 416 мектепте жүргізілетін болады», - деді А. Аймағамбетов.
Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Солтүстік Қазақстан облысының 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын таныстырды. Премьер-Министр Асқар Мамин жоспар өңірдің инфрақұрылымын жақсартатынын атап өтті.