2025 жылға қарай Астана мектептеріне 7120 мұғалім қажет болады

АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының аясында салынатын мектептерге 7120 мұғалім қажет болады. Бұл жайында қалалық білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлім етті деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Елорданың орта білім беру жүйесінің кадрлық құрылымында 13 903 мұғалім бар. Оның 62 пайызы педагогикалық аттестаттау қорытындысы бойынша жаңа форматтағы біліктілік санаттарын алды. Қазір олардың негізгі жалақыларына 30 пайыздан 50 пайызға дейін қосымша ақы төленеді.

Жаңа мектептердің құрылысына байланысты, оның ішінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында елордада 7120 мұғалімге қажеттілік туындайды», - деді Қасымхан Сенғазыев.

Сондай-ақ, ол 2029 жылға дейін педагогикалық мамандықтар бойынша студенттерді даярлауға 7350 орынның мемлекеттік тапсырыс белгіленгенін айтты.

Ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 10350 орынға білім беру тапсырысын орналастыру жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар