2026 жыл «Орталық Азия мен Италияның» мәдени қозғалыс жылы болады
АСТАНА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылы «Орталық Азия мен Италияның» мәдени қозғалыс жылы ретінде атап өтуді ұсынды.

– Мәдени өзара ықпалдастыққа келсек, саладағы қарым-қатынастың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткім келеді. Бұл халықтар мен елдер арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтудың негізгі факторы. Гуманитарлық байланысты одан әрі дамыту үшін 2026 жылы Орталық Азия мен Италияның мәдени қозғалыс жылы аясында бірқатар бірлескен іс-шара өткізуді ұсынамыз, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев елордада өтіп жатқан «Орталық Азия – Италия» бірінші саммитінде.
Президенттің айтуынша, саммитінде көтерілген бастамалар бірлескен қадамның негізі.
– Мен ұсынған бастамалар Қазақстанның нығаюы, елдеріміз арасындағы достықты бекемдеу және ынтымақтастықты кеңейту, бұлтартпас үдеріс екенін дәлелдейді деп есептеймін. Бүгін айтылған барлық ұсыныс осы бағыттағы бірлескен қадамдарымыздың негізі боларына сенім мол, - деді Мемлекет басшысы.
Айта кетейік, елордада «Орталық Азия – Италия» бірінші саммиті өтіп жатыр. Оған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Италия Министрлер Кеңесінің төрағасы Джорджа Мелони, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысып жатыр.