2026 жылдан бастап әкімдердің жұмысы KPI арқылы бағаланады

АСТАНА. KAZINFORM — KPI көрсеткіштері барлық әкімге бірдей қолданылады. Бұл туралы Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Азамат Әмрин мәлім етті.

чиновники
Фото: freepik

— Ұлттық даму жоспары бар. Ол жерде тиісті индикаторлар белгіленген және мемлекеттік органдар мен өңірлерге бөлініп берілген. Әр өңірдің өз көрсеткіштері бар. Қазір әр өңір бойынша жаңа Бюджет кодексіне сәйкес келесі жылға арналған өңірлік даму жоспарын әзірлеп жатырмыз. Ол облыс әкімі үшін жұмыс үстелі кітабына айналады, — деді Азамат Әмрин Мәжілісте өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, өңірлік даму жоспарының ішінде инвестиция тарту мәселесі де қарастырылған.

— Нақты қандай жоба, қай бағытқа, не үшін жүзеге асырылуы тиіс екендігі көрсетіледі. Келесі жылдан бастап KPI жұмыс істейді. KPI көрсеткіштері барлық әкімге бірдей қолданылады, — дейді ол.

Бұған дейін халықты жұмыспен қамту бағытында аудан және қала әкімдерінің KPI жүйесі енгізілетіні туралы хабарлаған едік. 

Сондай-ақ әкімдердің жұмысын көрсететін KPI қалай есептелетіні туралы сарапшылардың пікірін білген едік. 

Соңғы жаңалықтар