2026 жылдан бастап Чехия мигранттар мен босқындарға қатаң талаптар енгізеді

АСТАНА. KAZINFORM — Чехия президенті Петр Павел мигранттар мен баспана сұраушыларға қатысты ережелерді қатайтуға бағытталған заңға енгізілген түзетулерді мақұлдады, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

босқын
Фото: Азертадж

Жаңа талаптар 2026 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енеді және рәсімдерді жеделдету, заңбұзушылықтардың алдын алу мен шетелдіктердің ел ішіндегі қозғалысын бақылауды күшейтуге бағытталған.

Заңға сәйкес, егер шетелдік бір жыл ішінде үш мәрте құқық бұзушылық жасап, бұл әрекеттер қылмыстық реестрде тіркелсе, оған тұруға рұқсат берілмейді немесе рұқсаты ұзартылмайды.

Сондай-ақ, Чехиядан шығарылған тұлғалар үшін қайтадан баспана сұрауға мүмкіндік шектеледі.

Аталған түзетулер жалпыеуропалық миграциялық пактке сәйкес әзірленген.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Чехия Еуроодақта 150 км/сағ жылдамдық шектеуін енгізген алғашқы ел болуы мүмкін.

Сонымен қатар Чехияда қару-жараққа деген сұраныс артқаны анықталды.

Соңғы жаңалықтар