2026 жылдан бастап Қазақстанда кейбір әлеуметтік төлемдердің мөлшері өзгереді

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанда кейбір әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыруға қатысты Үкімет қаулысы күшіне енді.

әлеуметтік төлем, жәрдемақы
Фото: Еңбекмині

– 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдердің мөлшерін арттыру туралы» құжатқа сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтарға дейін тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін әлеуметтік төлемдер алынатын төлем мөлшерінің 10 пайызына ұлғайтылады, – делінген құжатта.

Қазақстанда еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша әлеуметтік төлемдер әр азаматқа жеке есептеледі. Төлем мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейіне, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және мүгедектік тобына (еңбекке қабілеттілігінен айырылу) байланысты айқындалады. Ал асыраушысынан айырылу жағдайында төлем көлемі асырауындағы адамдардың саны мен қайтыс болған адамның жалақысына қарай есептеледі.

Бұған дейін Жоғары аудиторлық палатада азаматтарды зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру жүйелеріне жүргізілген мемлекеттік аудит қорытындылары шығарылған еді.

Сонымен қатар Әлеуметтік төлемдерге 555 млрд теңгеден астам қаржы жұмсалды.

Соңғы жаңалықтар