2026 жылдан зейнетақы мен жәрдемақы өседі: бұған 662 млрд теңге бөлінеді

АСТАНА. KAZINFORM – 2026 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы өседі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова айтты.

Светлана Жақыпова
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Министрдің айтуынша, 2026 жылғы бюджетте төлемдерді арттыруға 622 млрд теңгеден астам қаржы қарастырылған. Инфляция деңгейіне байланысты өсім 10 пайызға дейін болады.

- Бұл ретте, зейнетақы төлемдері өседі, яғни ынтымақ әрі базалық зейнетақы, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарға арналған төлемдер, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы сомасы артады, - деді С. Жақыпова Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін тілшілер сұрғына жауап бере отырып.

Бұдан бұрын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова келер жылы елімізде ең төменгі жалақы мөлшері өсуі мүмкін екенін айтқан еді.

 

Соңғы жаңалықтар