2026 жылғы Азиадаға қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттер белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Аичи-Нагоядағы (Жапония) 2026 жылғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады.

2026 жылғы Азиадаға қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттер белгілі болды
Фото: ҚР ҰОК

Қорытынды тізімге 30 спортшы енді.

Ерлер

  • Георгий Шейко (марафон қашықтығындағы спорттық жүріс);
  • Шадрак Кимутаи (марафон);
  • Иван Иванов (ядро серпу);
  • Алексей Хлыстов (найза лақтыру);
  • Давид Ефремов (110 м кедергілер арқылы жүгіру);
  • Максим Фроловский (5000 м жүгіру, 10 000 м жүгіру);
  • Андрей Соколов (400 м жүгіру, аралас 4×400 м эстафета);
  • Михаил Литвин (аралас 4×400 м эстафета);
  • Эльнор Мухитдинов (400 м жүгіру, аралас 4×400 м эстафета);
  • Вячеслав Земс (400 м кедергілер арқылы жүгіру, аралас 4×400 м эстафета);
  • Ефим Тарасов (аралас 4×400 м эстафета).

Әйелдер

  • Ясмина Тоқсанбаева (марафон қашықтығындағы спорттық жүріс);
  • Кристина Морозова (жартылай марафон қашықтығындағы спорттық жүріс);
  • Эльмира Калимуллина (жартылай марафон қашықтығындағы спорттық жүріс);
  • Нора Джеруто (3000 м кедергілер арқылы жүгіру, 5000 м жүгіру);
  • Дейзи Джепкемей (5000 м жүгіру, 10 000 м жүгіру);
  • Аделина Земс (400 м кедергілер арқылы жүгіру, 4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);
  • Мария Шувалова (400 м кедергілер арқылы жүгіру, 4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);
  • Александра Залюбовская (4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);
  • Аяна Болатбекқызы (800 м жүгіру, 1500 м жүгіру);
  • Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру);
  • Кристина Овчинникова (биіктікке секіру);
  • Мария Ефремова (үш қарғып секіру);
  • Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру);
  • Полина Иванова (сырықпен секіру);
  • Анна Черкашина (сырықпен секіру);
  • Алина Чистякова (жетісайыс);
  • Софья Киденко (4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);
  • Анна Шумило (4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);
  • Милана Зубарева (4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета).

Айта кетейік, Азиадада жеңіл атлетика жарыстары 24-29 қыркүйек аралығында Нагояда (Жапония) өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан гимнастика федерациясы Аичи-Нагоядағы (Жапония) 2026 жылғы Азия ойындарына қатысатын спортшылардың тізімін жариялаған еді.