2026 жылғы Олимпиада: келісілген матчтарға қарсы бөлім құрылды

АСТАНА. KAZINFORM – Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындары кезінде келісілген матчтарды болдырмау үшін Адалдықты қамтамасыз ету бөлімінің құрылғанын жариялады, деп хабарлайды Kazinform.

2026 жылғы Олимпиада: келісілген матчтарға қарсы бөлім құрылды
Фото: ХОК

Ұйымның ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, «Милан-Кортина 2026» ұйымдастыру комитетімен бірлесіп құрылған орган 2026 жылдың 30 қаңтарынан 24 ақпанына дейін, яғни Олимпиада ауылдарының ашылуынан жабылуына дейін толық жұмыс істейді. Бөлім Ойындар кезінде бұзушылықтардың алдын алу және оларды жою міндетін атқарады. Ол спорттық тәртіптік органдар мен құқық қорғау органдары арасында ақпарат алмасудың жылдам және тиімді болуын қамтамасыз етуге арналған.
Бұл жүйе Лондондағы жазғы Олимпиададан бастап барлық Ойындарда сәтті қолданылған. 

– Этикалық бұзушылықтар әртүрлі формада болуы мүмкін: бәсекелестерді манипуляциялаудан бастап, аккредиттелген тұлғалардың парақорлығына немесе этикалық емес мінез-құлқына дейін. Егер қылмыстық элементтер қатысты болса, біз барлық қажетті ақпаратты беру үшін Италия билігімен, полициямен және әділет органдарымен ынтымақтасамыз, - деп түсіндірді ХОК-тың этика және нормалардың сақталуы жөніндегі бас маманы Джузеппе Делеонарди. 

Адалдықты қамтамасыз ету Бірлескен бөлімінің негізгі қызмет бағыттарының бірі келісілген матчтардың алдын алу болмақ. Органның кең халықаралық желісі бар, бұл оған букмекерлік кеңселердегі күдікті әрекеттерді, соның ішінде аккредиттелген тұлғалардың қатысуымен ставкаларды жедел анықтауға мүмкіндік береді. 

Бұған дейін Римде 2026 жылғы Олимпиада ойындарының алауы жағылғанын жазған болатынбыз. 

Сондай-ақ 2026 жылғы Олимпиада ойындары алтын медальдарының құны белгілі болды. 

Соңғы жаңалықтар