2026 жылы Қытай университеттерін 12,7 млн студент бітірмек
АСТАНА. KAZINFORM — Қытай Білім министрлігінің мәліметінше, 2026 жылы Қытайдың жоғары оқу орындарында шамамен 12,7 миллион студент тәмамдамақ, деп хабарлайды Синьхуа.
Бұл көрсеткіш 2025 жылмен салыстырғанда 480 мыңға артады деп болжанып отыр.
Министрлік жергілікті билік органдары мен университеттермен келісіп, 2026 жылы түлектерді жұмысқа орналастыру сапасын арттыру және ауқымын кеңейтуге бағытталған арнайы науқан өткізуді жоспарлап отыр.
Білім министрлігінің хабарлауынша, жоғары сапалы және толыққанды жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында науқан аясында кәсіпкерлікті қолдау, өнеркәсіп пен білім арасындағы интеграцияны тереңдету, сұраныс пен ұсынысты теңестіру, сондай-ақ әлеуметтік тұрғыдан осал топтарды мақсатты қолдау сияқты шаралар қолға алынады.
Министрліктің дерегінше, биылғы күзгі семестр басталғалы университеттер кампус іс-шаралары аясында түлектерге 12 миллионнан астам жұмыс орындарын жинап, ұсынған.
Айта кетелік елде Азия елдерінен келген студенттер саны ТМД студенттерінен асып түсті.