2026 жылы зейнетақы 10 пайыз өседі

АСТАНА. KAZINFORM — Қаржы министрлігі жариялаған 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджеттің жобасында келер жылы қазақстандықтар МӘМС-ке қанша ақша аударатыны айқындалған.

зейнетақы, жәрдемақы, төлемақы
Коллаж: Canva

— Жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне жұмсалатын қаражат 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап олардың мөлшерлерін 10 пайызға көтеру ескеріле отырып көзделген деп белгіленсін, — деп жазылған құжатта.

Сондай-ақ, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын, мемлекеттің міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 2 пайызы болып белгiленетіні айтылған.

— 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап әскери қызметшілерге (мерзiмдi қызметтегі әскери қызметшілерден басқа) және арнаулы мемлекеттік органдар мен құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызметтің қызметкерлеріне тұрғынжайды күтіп-ұстауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге ақшалай өтемақының айлық мөлшерi 3 739 теңге сомасында белгiленсiн, — делінген құжатта.

Бұған дейін донор өңірлер алдағы үш жылда республикалық бюджетке 3,3 трлн теңге бөлетінін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар