2027 жылы Астанада UEFA-ның 51-ші Конгресі өтеді

АСТАНА. KAZINFORM - Еуропа футбол қауымдастықтарының одағы (UEFA) 51-ші Конгресі 2027 жылы 4 наурызда Қазақстан астанасында өтетінін ресми жариялады.

Астана Байтерек зима қыс
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/ Kazinform

Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясы мәлім етті.

Бұл шешім Брюссельде өткен UEFA-ның мерейтойлы 50-ші Конгресінде хабарланды. Конгреске Қазақстан футбол федерациясының Бас хатшысы Давид Лория қатысты.

UEFA Конгресі – ұйымның ең жоғары басқарушы органы. Жыл сайын өтетін Конгреске 55 ұлттық қауымдастықтың өкілдері жиналады. Іс-шара аясында Еуропадағы футболдың стратегиялық дамуын айқындайтын негізгі шешімдер қабылданады, қаржылық және ұйымдастырушылық мәселелер бекітіледі, халықаралық жарыстарды өткізуге қатысты мәселелер қаралады, сондай-ақ UEFA-ның басшы органдары сайланады.

Еске салсақ, «Қайрат» командасының қақпашысы Темірлан Анарбековтің сейві Чемпиондар лигасы негізгі кезеңіндегі үздік ондыққа енді.

Соңғы жаңалықтар