2030 жылға дейін 40 мыңға жуық көпқабатты тұрғын үй қайта жаңартылмақ

АСТАНА. KAZINFORM – 2030 жылға дейін елімізде 40 мыңға жуық көпқабатты тұрғын үй қайта жаңартылады. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков айтты.

строительство, гаражи, құрылыс
Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform

- Бүгінде тұрғын үй қорымыз шамамен 60 мың көпқабатты тұрғын үй. Қандай үйлер ескі, қандай үй апатты жағдайда екеніне сараптама жүргізілді. Ондай 5 мыңға жуық үй бар. Қазіргі уақытта 2030 жылға дейін 40 мыңға жуық тұрғын үй қорын қайта жаңарту жоспары алдымызда тұр. Сонымен қатар қайта жаңарту тетігін де дамытып жатырмыз. Қайта жаңарту аясында ескі не апатты баспанасы бар азаматтарға пәтерге кепілдік теру тетігін пысықтап жатырмыз, - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Бұған дейін баспанаға мұқтаж жандарға қандай мемлекеттік көмек көрсетілетінін жазған едік.

Естеріңізге сала кетейік, ертеңнен бастап тұрғын үй саясатының жаңа ережесі күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар