2030 жылға қарай Еуропада жүргізуші куәліктері смартфонға көшіріледі

АСТАНА. KAZINFORM — Еуропалық одақ жүргізуші куәліктері жүйесінде цифрлық революцияға дайындалып жатыр, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ.

Алматыда мас күйінде көлік жүргізген 500 жүргізуші көлік басқару құқығынан айырылды
Фото: Kazinform

Еуропалық парламент барлық ЕО елдерінде жүргізуші куәліктерін алу және пайдалану тәртібін өзгертетін ауқымды реформаны бекітуге жақын тұр.

2030 жылға қарай смартфонда сақтауға болатын цифрлық жүргізуші куәліктері енгізіледі. Пластик карталар да сақталады, бірақ тек иесінің өтініші бойынша ғана.

Негізгі жаңалықтардың бірі — 17 жастағы жүргізушілерге үлкендердің қадағалауымен B санатындағы автокөлікті басқаруға рұқсат беру. C санатындағы жүк көлігін оқытуға да осындай ереже ұсынылып жатыр. Осылайша, Еуропалық одақ жастарға жүргізу тәжірибесін алуды жеңілдетіп, жол қауіпсіздігін арттыруды мақсат етеді.

65 жастан асқан жүргізушілерге қатысты біртұтас талаптар болмайды — әр ел өз шешімімен олардан дәрігерлік тексеру немесе қайтадан оқу курстарынан өту керек пе, жоқ па соны белгілейді.

Сонымен қатар реформа «Еуропа бойынша бір жаза» қағидатын да енгізеді: егер жүргізуші бір ЕО елінде куәлігінен айырылса, ол басқа ешбір елде көлік басқара алмайды. ЕО елдері заңнаманы бейімдеуге дайындық жүргізіп жатар.

Цифрлық куәліктерді сынақтан өткізу 2027–2028 жылдарға жоспарланған.

Сарапшылар бұл бастама бюрократияны азайтып, Еуропа ішіндегі жүргізуші құжаттарына деген сенімділікті арттырады деп есептейді.

Осыдан бұрын Испания премьер-министрі Педро Санчес Еуропалық Одақты маусымдық уақытты өзгерту тәжірибесінен түбегейлі бас тартуға шақырды.

Соңғы жаңалықтар