2030 жылғы футболдан әлем чемпионатына 64 құрама қатысуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM - Бұл нұсқаны Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) қарастырып жатыр.

футбол
Фото: Pixabay

Аталған әлем чемпионаты тарихта тұңғыш рет үш құрлықта өткізіледі деп жоспарланып отыр. Доп додасы негізінен Испания, Португалия және Мароккода өтеді. Сондай-ақ әлем чемпионатының ғасырлық тойына орай Уругвай, Аргентина және Парагвайда бір-бір ойыннан болады деген жоспар бар.

Дереккөздің мәліметінше, 2030 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне қатысатын құрама санын 64-ке жеткізу бір реттік шара ретінде ұйымдастырылады. Ол доп додасының 100 жылдық мерейтойы құрметіне арналады.

Аталған ұсыныс ФИФА кеңесінің отырысында қаралмақ. Оған ФИФА президенті Джанни Инфантино қызығушылық білдіріп отыр. Оның басшылық жасаған уақытында 2026 жылғы әлем чемпионаты финалдық кезеңіне қатысушылар санын 32-ден 48-ге дейін ұлғайтуға қол жеткізілді.

Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан Қазақстан құрамасының 2026 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңіндегі қарсыластары анықталды.

 

Соңғы жаңалықтар