2030 жылға қарай Астана бұдан да өркендеген, дүние жүзіндегі сәулетті қалалардың бірі болады - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев

амырдың 25-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - 2030 жылға қарай Астана бұдан да өркендеген, дүние жүзінің сәулетті, әдемі қалаларының бірі болады.
None
None

Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Түркия Президенті Абдолла Гүлдің қатысуымен өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әр қала өзінше өркендей береді. Меніңше, Астана 2030 жылы миллионнан астам тұрғыны бар, ең жоғары дәрежелі оқу орындары, жоғары медициналық қызмет көрсету орталықтары бар, тамаша мәдениет ошақтары жасақталған, бүгінгіден де өркендеген дүние жүзіндегі сәулетті, әдемі қалалардың бірі болады деп ойлаймын», деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Осы тұрғыда Елбасы елордада тұрғындары үшін жан-жақты жағдай бұдан әрі жасала беретінін жеткізді. «Астана барша Қазақстанның ардақты қаласы. Қазақстанның мүмкіншілігін көрсететін шаһар болып өсіп келе жатыр. Бар болғаны 10 жылдың төңірегінде осындай әдемі қала салынды. Атап айтқанда, сайын далада, Қазақстанның дәл ортасында біз өзіміздің елордамызды құрдық», деді Н. Назарбаев.

«Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы арманын орындадық. Сол үшін біз зор бақыттымыз», деді Елбасы.

Елбасы өз сөзінде Астана еуразиялық қала екенін, мұнда Еуропаның, Азияның, сондай-ақ шығыс мәдениетінің сәулеті қамтылғанын айтып өтті. «Астанада үлкен шешімдер қабылданып, ауқымды конференциялар, съездер өтеді. Жылдан жылға елордамыз танымал болып келе жатыр», деді Президент.

Соңғы жаңалықтар