2030 жылға қарай Қазақстанда сұранысқа ие болатын ТОП-20 мамандық
«Біздің болжамға сәйкес Қазақстанда 2030 жылға дейін біліктілігі орта және төмен деңгейдегі жұмысшыларға сұраныс сақталады. Оның ішінде 56 пайызын күзетшілер, сатушылар, жүргізушілер тағы сол сияқты сала жұмысшылары құрайды», - деді аталған министрлікке қарасты «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры Александра Молчановская «Қазақстанның еңбек нарығы туралы екінші ұлттық баяндама» атты онлайн-конференцияда.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығының болжамынша, Қазақстанда 2030 жылға қарай сұранысқа ие болатын ТОП-20 мамандық келесідей:
1. Бухгалтерлер;
2. Күзетшілер мен инкассаторлар;
3. Сатушылар;
4. Мектептегі қоғамдық пәндер мұғалімдері;
5. Жүргізушілер;
6. Орта деңгейдегі медицина қызметкерлері;
7. Мектептегі жаратылыстану пәндері мұғалімдері;
8. Тәрбиешілер;
9. Тазалықшылар;
10. Бастауыш сынып мұғалімдері;
11. Кеңсе тазалықшылары;
12. Шаштараз;
13. Мектептегі кейбір пәндер мұғалімдері:
14. Кеңсе қызметкері;
15. Базар және көше саудагерлері;
16. Ғимарат қарауылдары;
17. Аспаздар;
18. Кәсіби емес жұмысшылар;
19. Фермерлер мен аралас өнімді өндірушілер;
20. Фермерлер және көкөністі дәстүрлі жолмен өсіретін жұмысшылар.
Бұған дейін Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басшысы фрилансер қызметі туралы айтқан еді.
Сондай-ақ министрлік өкілі қазақстандық такси жүргізушілерінің денсаулығына алаңдатушылық танытты.