2030 жылға қарай Өзбекстан халқының саны 41 миллионнан асады

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Демографиялық болжам бойынша, туу көрсеткішінің жоғары екенін ескере отырып Өзбекстан халқының саны 2030 жылға қарай 41 миллион адамнан асады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Өзбекстан Республикасының Болжау және макроэкономикалық зерттеулер институтының мәліметінше, көптеген елдерде халықтың қартаюының жаһандық проблемасы артып жатқанда Өзбекстанда демографиялық жағдайдың жасару процесі жүріп жатыр.

2022 жылдың басына қарай Өзбекстан Республикасындағы халық саны 35,3 млн адамды құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 712 мың адамға (2,1%) көп.

Халықтың бұл өсімі, өлім-жітім көрсеткішінің төмен және туу көрсеткішінің салыстырмалы түрде жоғары болуына байланысты.

Мәселен, 2021 жылы 905 мың бала дүниеге келген.

Соңғы бес жылда туу көрсеткішінің жоғарылағаны байқалды.

Туудың жалпы коэффициенті (бір әйелге шаққандағы бала саны) 2016 жылғы 2,46 баладан 2021 жылы 3,17 балаға дейін өсті.

Бала туудың күрт өсуі негізінен 25 пен 39 жас аралығындағы әйелдерде байқалды.

«Демографиялық болжамдарға сәйкес, 2030 жылға дейін туғандар саны бұрынғы деңгейде қалады (орта есеппен 900-950 мың), ал халық саны 41 миллион адамнан асады. 2030 жылға қарай халықтың жас құрылымының өзгеруі нәтижесінде 18 жасқа дейінгі жастар мен еңбекке жарамды жастағы ересектердің саны сәйкесінше 2,4 миллион және 1,4 миллион адамға дейін артады деп күтіліп отыр», - дейді сарапшылар.



Фото: foturist-ru.livejournal.com






Соңғы жаңалықтар