2045 жылға қарай Еуропада қатерлі ісікке шалдығатындар 20 пайыздан асады

АСТАНА. KAZINFORM – Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күрес күні қарсаңында жарияланған жаңа есеп бүкіл әлемде қатерлі ісік ауруының өсіп келе жатқанын көрсетті, деп жазады Euronews.

онкология
Фото: euronews.com

Халықаралық онкологияны зерттеулер агенттігінің (IARC) жаңа деректеріне сәйкес, Еуропада онкологиялық аурулар саны алдағы екі онжылдықта 22,5 пайызға артады.

Қазіргі уақытта шамамен әрбір бесінші адам қатерлі ісік ауруына шалдығады және әрбір тоғызыншы ер адам мен он екінші әйелдің бірі осы аурудан қайтыс болады.

Қатерлі ісік артқан сайын, онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітім 2022 жылғы 9,7 миллионнан 2045 жылы 16,6 миллионға дейін артады.

Соңғы жаңалықтар