2050 жылға қарай Астана халқының саны 3 миллионнан асады
Оның айтуынша, 2030 жылға қарай елордада халық саны 2 млн адамға дейін өссе, 2050 жылға қарай 3 млн-нан асады деп күтілуде. Осыған байланысты, Астананы жаһандық қала ретінде дамыту бірнеше негізгі бағыттар бойынша жүзеге асады деп жоспарланып отыр.
«Біріншісі - адами даму. Қаланың басты капиталы - тұрғындар. Таланттарды тарту үшін қалалық ортаны барынша тартымды және жайлы ету керек. Ең алдымен, бұл - қолжетімді, сапалы тұрғын үй, қауіпсіз қоғамдық көлік, денсаулық сақтау мен білім берудің жоғары сапасы, қоғамдық қауіпсіздік. Екіншісі - қаланың креативті экономикасы. Мемлекет басшысы атап өткендей, Астананың тартымды туристік дестинациясын өзгерте отырып, ақылды және мейірімді қалаға айналуына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл - қонақжайлық атмосферасын қалыптастырып, тұрғындар мен туристер үшін қалалық сервисті жақсарту. Астана жаһандық сауда ағындарының хабына, ең ірі тұтыну нарығына және елдің негізгі көлік-логистикалық торабына айналуы тиіс. Тиісінше, бұл қала қазынасына қосымша салық әкеледі», - деді ол.
Бақыт Сұлтанов үшінші қалалық жоспарлау мәселесіне тоқталды.
«Бұл стратегиялық қалалық жоспарлаудың жаңа форматына көшуді білдіреді. Ол үшін біз 2035 жылға дейін Астананы дамыту жоспарын әзірлейміз», - деп атап өтті Б.Сұлтанов.