14:55, 03 Қазан 2013 | GMT +5
2050 жылға қарай Үндістан әлемнің халқы ең тығыз орналасқан еліне айналады
АСТАНА. 3 қазан. ҚазАқпарат - Француз ғалымдарының соңғы зерттеулеріне қарағанда, Жер шарындағы халық 9,7 млрд. асады және адам саны бойынша алғашқы орын Қытайдан Үндістанға өтеді.

Францияның Демографиялық зерттеулер институтының жарты жылдық есебіне қарағанда, Азия елдерінің халқы 5,2 млрд. адамға жетеді, ал Оңтүстік және Солтүстік Америкада 1,2 млрд адамды құрайды.
Қазіргі таңда халқы ең тығыз орналасқан елдер - Қытай (1,3 млрд.), Үндістан (1,2 млрд.), АҚШ (316,2 млн.), Индонезия (248,5 млн) және Бразилия (195,5 млн).
Алайда француз институтының болжамы бойынша, 2050 жылға қарай 1,6 млрд. халық санымен Үндістан көш бастайды, Қытай халқы 1,3 млрд. деңгейінде қалмақ, деп хабарлайды Ростбалт.