20th Century Fox бүркітші қазақ қызы туралы деректі фильмнің ертегі нұсқасын түсірмек (ФОТО, ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20th Century Fox Animation студиясы ең жас бүркітші ретінде күллі әлемге танылған Моңғолиядағы қазақ қызы туралы жастар аудиториясына арналған шытырман оқиғаға толы деректі фильмнің ремейкіне құқықты сатып алу бойынша келіссөзді аяқтап қалды, деп хабарлады Hollywoodreporter.com.
Фильмге құқықты сатып алу ерекше қадам ретінде бағалануда, 20th Century Fox Animation студиясының бәсекелесі - Sony өзінің Sony Pictures Classics лейблінің көмегімен деректі фильмге солтүстікамерикалық құқықты сатып алды. Бұл мәміле 2 млн доллар деңгейінде бағалануда. Сондай-ақ Латын Америкасы, Германия, Австралия, Жаңа Зеландия, Скандинавия және Азияға тарату құқығын қамтиды. 20th Century Fox Animation ремейк түсірілімінің әлеуетін қарастырды. Студия деректі фильм желісімен ертегі түсіруді жоспарлауда, қазір келіссөздер жүріп жатыр.
Режиссер Отто Беллдің «The Eagle Huntres» деректі фильмі ата-баба дәстүрін жалғастырып, бүркітшілік кәсіпке ден қойған қазақ қызы Айшолпан Нұрғайып туралы болмақ.
Отто Белл Ұлыбритания режиссері, бірақ Нью-Йоркте жұмыс істейді. Ол 15-ке жуық қысқа метражды фильм түсірген. Айшолпан әкесімен бірге фильмді көрсету үшін Моңғолиядан АҚШ-қа келген.