«20th Century Fox» кинокомпаниясы қазақстандық режиссер фильмінің тұсаукесерін өткізді

 АСТАНА. ҚазАқпарат -  Санкт-Петербургте әлемдік «20th Century Fox» кинокомпаниясы Ақан Сатаевтың «Она» фильмінің таныстырылымын өткізді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.
None
None

«Өткен аптада Санкт-Петербургтегі кино нарығында  әлемдегі ірі кинокомпаниялардың бірі - «20th Century Fox» өзінің логотипімен біздің «Она» фильмінің тұсаукесерін өткізді», - деп жазды Ақан Сатаев әлеуметтік желіде.

«Бұл, біздің команда және  барша Қазақстан киноиндустриясы үшін алға жарып өту,  алғаш рет үлкен дистрибьютордың логотипі аясында қазақстандық фильмнің соншама кең прокатқа шығуы», - деп қосты кинорежиссер.

Айта кеткен жөн, Ақан Сатаев «Дорога к матери», «Рэкетир», «Районы», «Ликвидатор» және басқа да фильмдерді түсірген. БАҚ-та хабарланғандай, «Она» фильмі үлкен қалада жеке дара тұрып жатқан әйел мен баланың тарихы жайлы. Бірақ уақыт өте келе кейіпкерлер мегаполисте өздерінің жалғыз еместіктерін түсінеді. Шығарма жанры - психологиялық триллер.

На прошлой неделе, на кинорынке в Санкт-Петербурге, одна из крупнейших кинокомпании Мира - "20th Century Fox" презентовала под своим логотипом наш фильм "Она" (на фото: во время презентации Вадим Смирнов, генеральный директор "Двадцатый Век Фокс СНГ" и Эрнар Курмашев, продюсер и директор "Astana Film Fund"). Для нашей команды и думаю, для всей киноиндустрии Казахстана, это большой прорыв вперед, так как впервые казахстанский фильм выходит в широкий прокат под логотипом столь большого дистрибьютора 🎬🎥😎 #20thcenturyfox #онафильм #alonefilm #astanafilmfund #astanabanki #kcg #sataifilm #поддержимКЗкино

Публикация от Akan Satayev (@akansatayev) Сен 26 2017 в 6:03 PDT

Соңғы жаңалықтар