21 қараша. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 21 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР
64 жыл бұрын (1961) «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының орынбасары Жамболат Жәкиұлы СӘРСЕНОВ дүниеге келді.

Шымкент қаласында туған. И. И. Мечников атындағы Санкт-Петербург мемлекеттік медицина академиясын (1985), Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық институтын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша (2003), Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген (2005).
Еңбек жолы: 1978 жылы Шымкент облыстық ауруханасының қызметкері, 1987-1994 жылдары Аймақтық патология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкері, 1994-1995 жылдары МП «Хром» бас директорының орынбасары, 1995-1998 жылдары «Бест» ЖШС директорының орынбасары, 1998-1999 жылдары «Фирм Акцепт» ЖШС бас директоры, 1999-2001 жылдары «MS Falcon» ЖШС бас директоры, 2002 жылы «Мұнай және газ көлігі» Ұлттық компаниясы» АҚ ақпараттық-талдау департаментінің атқарушы директоры-директоры, 2002-2003 жылдары «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ көлік инфрақұрылымы және сервистік жобалар жөніндегі атқарушы директоры, 2003-2004 жылдары «ҚазМұнайГаз» сауда үйі» АҚ бас директоры, 2004-2005 жылдары «КазРосГаз» АҚ бас директоры, 2005 жылы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Президентінің аппарат басшысы, 2005-2012 жылдары «KazEnergy» Мұнай-газ-энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы» АҚ бас директоры, 2012-2016 жылдары «KAZENERGY» Қазақстандық мұнай-газ және энергетикалық кешен ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі төрағасының орынбасары, 2016-2017 жылдары «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының Фармацевтика, медициналық өнеркәсібі және медициналық қызмет көрсету комитетінің төрағасы, 2017 жылы Маркетинг жөніндегі вице-президент — Дүниежүзілік мұнай кеңесі (WPC, World Petroleum Council) Атқарушы комитетінің мүшесі болды.
«Құрмет» орденімен (2010); «Парасат» (2015); «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» медальдары (2005); «Астанаға 10 жыл» (2008); 1-дәрежелі «Атамекен» медалі (2009); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011); «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016) медальдарымен марапатталған.
55 жыл бұрын (1970) қазақстандық кәсіпкер, қоғам қайраткері, меценат, «Raimbek Group» холдингі директорлар кеңесінің төрағасы Райымбек Әнуарұлы БАТАЛОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік сәулет-құрылыс академиясын бітірген.
1992-1998 жылдары «Райымбек» компаниясы директорының орынбасары, бас директоры. 1998-2004 жылдары «Райымбек» компаниясының президенті, «Райымбек» компаниялар тобы Директорлар кеңесінің төрағасы, «Raimbek Group» ЖШС президенті қызметтерін атқарған. 2001-2003 жылдары ҚР Президенті жанындағы Кәсіпкерлер кеңесінің мүшесі, «Атамекен» Одағы» Ұлттық Экономикалық палатасының Басқарма мүшесі (2007 жылдан), 2014 жылдан бастап — Қазақстан велоспорт федерациясының бірінші вице-президенті, Astana Proteam кәсіби велокомандасының қамқоршылық кеңесінің төрағасы, «Алматы хайуанаттар бағына әлеуметтік көмек» қорының қамқоршылық кеңесінің басшысы, Марат Бисенғалиевтің басқаруындағы Алматы симфониялық оркестрінің «Достар клубының» мүшесі.
Қазақстан меценаттар клубының әдебиет, ғылым, өнер және ағарту саласындағы тәуелсіз сыйлығының құрылтайшысы.
46 жыл бұрын (1979) Абай облысы әкімінің орынбасары Думан Рыспекұлы ОСПАНОВ дүниеге келді.

Абай облысы Мақаншы ауданы Мақаншы ауылында туған. 2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің «Қаржы және несие» мамандығын, 2006 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтының «Құқықтану» мамандығы бойынша, 2019 жылы Инновациялық Еуразия университетінің магистратурасын бітіріп, «Іскери әкімшілік етудің МВА магистрі» академиялық дәрежесі берілген.
Еңбек жолын 2001 жылы «Қазақстан Наурыз Банкі» ААҚ, «Каспий Банкі» АҚ, «АТФ Банк» АҚ маман, бас маман, бөлім бастығы, басқарма менеджері, бөлімнің сарапшысы қызметінен бастаған.
Әр жылдары түрлі лауазымдарда: «Астана Финанс» лизингтік компаниясы» АҚ кепіл мүлкімен жұмыс басқармасының бастығы, проблемалық жобалармен жұмыс департаментінің директоры, Нұр-Сұлтан қаласы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ басқарма төрағасының орынбасары және несиелеу жөніндегі басқарушы директор, Басқарма мүшесі болып еңбек етті. 2022-2025 жылдары «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның басқарушы директоры болған.
Қазіргі лауазымын 2025 жылдың қазанынан бастап атқарып келеді.
44 жыл бұрын (1981) Астана қаласы Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы СЕНҒАЗЫЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 2007 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін («бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру» мамандығы бойынша), 2009 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін («менеджмент» мамандығы бойынша) тәмамдады.
Еңбек жолы: 2002-2005 жылдары Алматы қаласының және Алматы облысының мектептерінде мұғалім болып жұмыс істеді. 2005-2008 жылдары Алматы қаласының жеке құрылымдарында қызмет етті. 2008-2011 жылдары Астана қаласындағы № 21 орта мектептің директоры, 2011-2013 жылдары Астана қаласындағы № 49 орта мектептің директоры, 2013-2016 жылдары Астана қаласы Білім басқармасы басшысының орынбасары, 2016 жылы Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімінің орынбасары, 2016-2017 жылдары Астана қаласы Білім басқармасының басшысы, 2017-2021 жылдары Астана қаласындағы Политехникалық колледжінің жетекшісі болып қызмет атқарған.
Қазіргі қызметін 2021 жылдың желтоқсан айынан бері атқарып келеді.
38 жыл бұрын (1987) Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқарма басшысы Дәурен Талапұлы ӨТЕПҚАЛИ дүниеге келді.

Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Құрық кентінде туған. 2009 жылы Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін бітірген, 2013-2016 жылдары Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінде білім алған.
Еңбек жолы: 2010-2011 жылдары Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасында үлестік құрылысты реттеу бөлімінің бас маманы, әкімшілік-құқықтық бөлімінің бас маманы, әкімшілік-құқықтық бөлімі бастығының м. а., 2011-2012 жылдары ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде әкімшілік-құқықтық бөлімінің жетекші маманы, 2012-2013 жылдары ҚР Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаменті, әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы; 2013-2015 жылдары ҚР Өңірлік даму министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитетінің Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау және лицензиялау департаментінде әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы, 2015-2018 жылдары Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы әкімшілік-құқықтық бөлімінің басшысы, 2018-2019 жылдары Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы, 2019-2020 жылдары Маңғыстау облысының қала құрылысын және жерді бақылау басқармасында лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы, 2020-2022 жылдары Маңғыстау облысының қала құрылысын және жерді бақылау басқармасы басшысының орынбасары; 2022 жылы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарған.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың мамыр айынан бастап атқарып келеді.