21 қазан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 21 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
69 жыл бұрын (1955) «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Досмаханбет Қалмаханұлы КӨШІМ дүниеге келді.

Арыс қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, филолог (1981).
Еңбек жолы: жүк тиеуші (1972); Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының (қазіргі Абай атындағы Алматы мемлекеттік университеті) қазақ тілі кафедрасының оқытушысы (1981-1999); «Азат» мемлекеттік мәдениет үйі төрағасының орынбасары (1991-1992); Орталық Азия және Қазақстан демократиялық конгресінің тең төрағасы (1991-1993); «Әділ сайлау үшін» қоғамдық қозғалысының жауапты хатшысы, Республикалық тәуелсіз бақылаушылар желісінің президенті (1998-2005); «Ұлт тағдыры» қоғамдық бірлестігінің төрағасы (2005); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палата Кеңесінің мүшесі (2007).
68 жыл бұрын (1956) ҚР Салық төлеушілер қауымдастығы Басқарушы кеңесінің төрайымы Жаннат Жұрғалиқызы ЕРТІЛЕСОВА дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, математик (1978).
Еңбек жолы: Қазақ КСР Мемлекеттік жоспарлау комитеті жанындағы Экономикалық жоспарлау және стандарттар ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер (1978); Қазақстан Республикасы Экономика жөніндегі мемлекеттік комитетінің жанындағы Экономика және нарықтық қатынастар ғылыми-зерттеу институты директорының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары (1992-1993); Қазақстан Республикасы Экономика министрлігі басқармасының бастығы, Қазақстан Республикасы Экономика министрінің бірінші орынбасары (1993-1995); Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi мен Қазақстан Республикасы Үкiметi жанындағы Экономикалық реформалар орталығының басшысы (1995; 1997-1999); Қазақстан Республикасы Қаржы вице-министрі, Қаржы вице-министрі (1997); «Қазақтелеком» ААҚ вице-президенті (1999-2000); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары (2000-2001); Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары (06.2001-12.2001); «Сана Консалтинг» компаниясының басшысы (2001-2003); Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары (2003-2004); «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры (2004-2005); Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығы Басқарушы кеңесінің төрағасы (2005-2007); «Қазына» орнықты даму қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (06.2007-09.2007); Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары (2013-2015); «Эксперт Қазақстан» журналының директоры (2015 жылдан).
60 жыл бұрын (1964) Қызылорда облыстық сотының судьясы Мұхтар Жүсіпбекұлы ЕРКІНБЕКОВ дүниеге келді.
Қызылорда облысында туған. 1991 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.
Бұл қызметке келгенге дейін 1982-1983 жылдары Жаңақорған ауданының Бірлік кеңшарында жұмысшы, 1991-1992 жылдары Қызылорда қалалық прокуратурасында стажер тергеуші, тергеуші, қалалық табиғатты қорғау прокуратурасының тергеушісі, облыстық прокуратурада аға тергеуші, одан кейін тергеу бөлімінің прокуроры, МТК-нің Шиелі аудандық бөлімінің бастығы, осы мекеменің облыстық департаментінде бөлім бастығы, кейін басқарма бастығының орынбасары болды. 1992-1997 жылдары Қызылорда қалалық ІІБ бастығының орынбасары, облыстық қаржы полициясы бастығының тергеу ісі жөніндегі орынбасары, 1997-2007 жылдары Қызылорда қалалық сотының судьясы, Қызылорда облысының соттар әкімшісі, 2008-2011 жылдары Байқоңыр қалалық сотының төрағасы, Қызылорда облысының мамандандырылған қылмыстық істер жөніндегі сотының судьясы, Қызылорда қалалық сотының төрағасы, 2011-2012 жылдары Қызылорда облысы Шиелі аудандық сотының төрағасы, 2017-2021 жылдары Қызылорда қалалық сотының төрағасы қызметін атқарды.
2021 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.
49 жыл бұрын (1975) Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Данияр Еренғалиұлы ЖАНАЛИНОВ дүниеге келді.

Алматы облысыда туған. 1998 жылы Қазақ көлік және коммуникация академиясын «инженер-экономист» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2000-2002 жылдары Талдықорған қаласы және Алматы облысы бойынша Салық комитетінің салық инспекторы. 2002-2003 жылдары Алматы облысы бойынша Салық комитетінің жетекші салық инспекторы. 2003-2008 жылдары Алматы облысы бойынша Салық комитетінің бас салық инспекторы. 2008 жылы Алматы облысы бойынша Салық комитетінің бөлім бастығы қызметін атқарды. 2008-2010 жылдары Алматы облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары. 2010-2012 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің салық қызметтері басқармасының бастығы. 2012-2014 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Салық комитетінің ірі салық төлеушілер басқармасының басшысы. 2014 жылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының басшысы. 2014-2018 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2018-2021 жылдары Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы. 2022-2023 жылдары ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы қызметін атқарды.
2023 жылдың 9 қыркүйегінен бастап қазіргі қызметінде.
44 жыл бұрын (1980) Шымкент қаласы Қаржы басқармасының басшысы Руслан Бақытбекұлы БАҚТЫБАЕВ дүниеге келді.

1998-2002 жылдары Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы Мемлекеттік университетінде білім алды.
Еңбек жолы: 200-2003 жылдары Шымкент қаласы әкімінің экономика және кәсіпкерлікті қолдау басқармасының операторы; 2003-2005 жылдары Шымкент қаласы әкімі Экономика және кәсіпкерлікті қолдау басқармасының бюджеттік жоспарлау бөлімінің жетекші маманы; 2005-2006 жылдары Шымкент қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық жоспарлау және талдау бөлімінің жетекші маманы; 2006-2008 жылдары Шымкент қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық жоспарлау және Инвестициялық саясат секторының бас маманы; 2008-2010 жылдары Шымкент қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің экономикалық жоспарлау және Инвестициялық саясат секторының меңгерушісі; 2010-2011 жылдары Шымкент қаласы Экономика және қаржы бөлімінің әлеуметтік-экономикалық жоспарлау және Инвестициялық саясат секторының меңгерушісі; 2011-2018 жылдары Шымкент қаласы Экономика және қаржы бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Қазіргі лауазымын 2018 жылдан бері атқарып келеді.
24 жыл бұрын (2000) қазақстандық диджей, музыкалық продюсер Иманбек Маратұлы ЗЕЙКЕНОВ дүниеге келді.

Павлодар облысының Ақсу қаласында дүниеге келді.
2019 жылы ол Saint Jhn-ның «Roses әніне жасаған ремиксі арқылы халықаралық деңгейде танымал болып, сол үшін «Грэмми-2021» музыкалық сыйлығын алды. И.Зейкенов - Қазақстаннан Грэмми алған алғашқы музыкант, сондай-ақ ТМД және бұрынғы КСРО елдерінде классикалық емес музыка категориясында Грэмми сыйлығын алған алғашқы музыкант болды.
89 жыл бұрын (1935-2012) Кеңес үкіметі және қазақтың ірі ғылыми қызметкері, Мұнай және газ геологиясы ғылымның көрнекті қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Эдгард Славомирович ВОЦАЛЕВСКИЙ дүниеге келген.
1959 жылы Грозный мұнай институтын бітірген.
Еңбек жолы: 1959-1978 жылдары Қазақ мұнай геологиялық барлау ғылыми-зерттеу институтының аға лаборанты, ғылым қызметкері, лаборатория меңгерушісі, институт директорының орынбасары, 1978-1991 жылдары Қазақстанның ең ірі мұнай барлау мекемелерінің – «Қазмұнайгазбарлау» басқармасының, «Қазмұнайгазгеология», «Гурьевмұнайгазгеология» бірлестіктерінің, «Каспийгеология» басқармасының бас геологы, 1991 жылдан Қазақстан Ғылыми Академиясының Геология ғылымдары институтының бас ғылыми қызметкері болды. Оның негізгі ғылыми-зерттеу жұмыстары Қазақстанның мұнай және газ қорларын болжауға, іздеуге, барлауға арналған.
«Мұнайшы» ҚҚ мүшесі, «Мұнайшы» ҚҚ редакциялық-баспа кеңесінің мүшесі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Еңбек Қызыл Ту», «Парасат» ордендерімен, әр түрлі медальдармен марапатталған.