21 қазанда еліміздің басым бөлігінде күн жаңбырлы болады - Қазгидромет

АСТАНА. KAZINFORM - Қазгидроет Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 21 қазанда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады. 

Дождь Алматы осень Жаңбыр Алматы күз
Фото: Александр Павский/ Kazinform

Атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен республика аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында найзағай ойнайды, түнде елдің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады, түнгі уақытта солтүстік облыстарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады. ҚР бойынша түнде және таңертең тұман, оңтүстікте, шығыста, орталықта жел күшеюі күтіледі.

Түнде батыста, Жетісу облысының орталығында 3 градус үсік сақталады.

Соңғы жаңалықтар