21 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

21 қыркүйек, ЖЕКСЕНБІ
Армения Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1991 жылғы қыркүйектің 21-інде болған бүкілхалықтық референдумда көпшілік тәуелсіз мемлекет құруды қолдады.
Қазақстан Республикасы мен Армения арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы тамыздың 27-інде орнатылды. Белиздің Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1981). Белиз - Орталық Америкадағы Юкатан түбегінде орналасқан мемлекет. Солтүстігі мен солтүстік-батысы Мексикамен, батысы мен оңтүстігі Гватемаламен, шығысы Кариб теңізімен шектеседі. Астанасы - Бельмопан қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын және испан тілдері. Ақша бірлігі - белиз доллары.
Мальта Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1964). Мальта - Жерорта теңізіндегі Мальта, Гоцо, Комино, Кемунет, Филфла аралдарында орналасқан мемлекет. Астанасы - Валлетта қаласы. Мемлекеттік тілі - мальта және ағылшын тілдері. Ақша бірлігі - мальта лирасы.
Халықаралық бейбітшілік күні. Жыл сайын 21 қыркүйекте атап өтілетін Халықаралық бейбітшілік күні соғыс отын тоқтату мен зорлық-зомбылықтан бас тартуға жаппай шақыруымен ерекшеленеді.
Халықаралық бейбітшілік күнін БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981 жылы бекіткен. 2002 жылғы 21 қыркүйекте атап өтіледі. Халықаралық бейбітшілік күнін 21 қыркүйегінде мерекелеу туралы шешім БҰҰ Бас Ассамблеясының 55 сессиясында (2001 жылғы 28 қыркүйегіндегі №A/RES/55/282 арнайы қарары) қабылданды.
Бас Ассамблея бұл күн бүкіл әлемде зорлық-зомбылықтан бас тарту және соғыс отын тоқтату күні болсын деп жариялады. Барлық елдерге осы күні әскери әрекеттер өткізуден тартыну ұсынылды.
Жыл сайын 21 қыркүйегінде БҰҰ-да, дәстүрге сай Бейбітшілік қоңырауы жанындағы салтанатпен басталатын, түрлі шаралар өткізіледі. Салтанат рәсімі БҰҰ Бас хатшысының арнау сөзімен басталып, сосын ол қоңырауды ұрады. Сонан соң бір минут үнсіздік жайлап, БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы сөз арнайды.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
1 9 жыл бұрын (1995) Украина астанасы Киевте Абайдың 150 жылдығына арналған мереке болып өтті.
Сонымен қатар 2006 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Мәскеудегі Чистопрудный бульварында қазақтың ойшыл ақыны Абай Құнанбаевтың ескерткішін ашқан.
1 3 жыл бұрын (2001) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан-Ватикан қарым-қатынастарын дамытуға қосқан елеулі үлесі, екі мемлекет арасындағы сан тарапты байланыстарды орнатуға тигізген ықпалы үшін Ватиканның Мемлекеттік хатшысы Анджело Соданоны І-ші дәрежелі «Достық» орденімен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды.
9 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазына комитеті ақпараттық технологиялар саласындағы ерекше интегралды ақпараттық жүйені енгізген үшін «Мемлекеттік және коммерциялық ұйымдар емес» категориясының The Computerworld Honors халықаралық бағдарламалар сертификаты - әлемнің ең жоғары сыйлығымен марапатталды.
9 жыл бұрын (2005) Қазақстан Республикасындағы Ұлттық түрік мәдениет орталығының өкілі Зиятдин Қасанов көп ұлтты елде ұлтаралық бірлік пен келісімді нығайтқаны үшін, ЮНЕСКО-ның осы саладағы стратегияларына белсенді қолдау көрсеткені үшін ЮНЕСКО бекіткен «Алтын қыран» құрмет белгісімен марапатталды.
Сыйлықты орталық жетекшісіне Еуропалық комиссияның мүшесі Ким Сен тапсырды. Сонымен қоса «Азия - одна семья» халықаралық қайырымдылық қауымдастығының және Еуропалық университетінің Құрметті ғылым докторының дипломы тапсырылды.
9 жыл бұрын (2005) Алматыда, Орталық көрме залында «Возвращение динозавров» атты көрме ашылды.
Көрмеге динозаврлардың табылған сүйектерінен ғылыми талдау негізінде жасалған роботтандырылған макеттер қойылған. Заманауи компьютерлік бағдарламалардың көмегімен палеонтологиялық зерттеулердің қорытындысы негізінде диназаврлардың сыртқы келбеті, терісі қалпына келтірілді.
Көрменің негізгі ерекшелігінің бірі - 400 миллион жыл бұрыннан қазіргі күнге дейінгі жер бетіндегі тіршіліктің кезеңдері көрсетілген.
5 жыл бұрын (2009) Атырауда Еуропалық Қауіпсіздік бойынша Ынтымақтастық Ұйымының Каспий аймақтық Орхус орталығын құру жөніндегі меморандумға қол қойылды.
Бұл құжатқа Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің, облыс әкімдігінің, ЕҚЫҰ-ның Астанадағы орталығының және республиканың үкіметтік емес ұйымдары экологиялық форумының өкілдері қол қойды. Бұл республикамыздағы аймақта құрылған алғашқы Орхус орталығы.
81 жыл бұрын (1933) Рейхстагтың өртенуіне байланысты Лейпциг сот процесі басталды. Жалған құжатпен Болгария азаматтары - Димитров, Попов және Таневтарға Рейхстагты өртеді деген айып тағылды. Іс барысында Димитров өзін-өзі қорғап, шешендігімен көзге түсті. Оның шешендігі арқасында сот фашизмді қаралау процесіне айналып кетті. Ал Рейхстагты өртеу елде төтенше жағдай қалыптастыру үшін жасаған фашистердің арандатуы деп шешілді.
ЕСІМДЕР
111 жыл бұрын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, кинорежиссер, драматург СТРОЕВА Вера Павловна (1903-1944) дүниеге келді.
Киевтің Н.Лысенко атындағы театр өнері институтын бітірген. Ол Ф.Достаевскийдің, Ф.Панферовтың шығармаларын, сонымен қатар М.Мусоргскийдің «Борис Годунов», «Хованщина» операсын экрандаған. Ұлы Отан соғысы жылдары Алматыда болып, «Алып туралы ән», «Жауынгер ұлы» фильмдерін қоюға қатысқан.
«Құрмет белгісі» орденімен, медальдармен марапатталған.
1 10 жыл бұрын (1904-1998) актер және қоюшы-режиссер, Қазақстанның халық әртісі қазақ театрының негізін қалаушылардың бірі БАДЫРОВ Қапан Оралұлы дүниеге келді.
Қазіргі Қостанай облысы Қарабалық ауданы Табын ауылында туған. Қазақ театрының іргесін қаласқан өнерсаңлақтарының бірі. 1-басқышты ауыл мектебін бітіргеннен кейін, 1922-25 жылы Қазақ халық ағарту институтынында (Орынбор) оқыған. Сондағы көркемөнерпаздар үйірмесіне белсене қатысып, 1922 жылы Б. Майлиннің "Бетім-ау, құдағи" аталатын шағын пьесасында Айқын келіншектің рөлін ойнап шыққан. 1925 жылы жаңадан ұйымдастырылып жатқан Қазақ драма театрына шақырылады. 1926 жылы Қазақ драма театры гастрольге кеткенде, Бадыров жолдамамен Алматы малдәрігерлік техникумына оқуға жіберіледі. Онда оған жастар театрының көркемдік жағын басқару ісі тапсырылып, М. Әуезовтің "Қарагөз", "Еңлік-Кебек", Ө. Оспановтың "Зарлық", Ә. Сұлтановтың "Дариға-Қайдар", татар Жазушысы Фахти Бурнаштың "Яш юряклар" спектакльдерін қойып, өзі де рөлдерде ойнады. 1931 жылы Қазақ драма театрына қайта оралады. Алғашқы көрнекті рөлі - М. Тригердің "Сүңгуір қайығындағы " Игорь Оленин. Сонан кейін Еркебұлан (С. Сейфуллиннің "Қызыл сұңқарларында"), Жетекші (Н. Погодиннің "Менің досымында"), Михайлов (В. Киршонның "Астығында"), Науан хазірет, Амангелді (Ғ. Мүсіреповтің "Ақан сері - Ақтоқты" мен "Амангелдісінде"), Телғара (Ә. Тәжібаевтың "Жалғыз ағаш орман емесінде"), Жомарт (Ғ. Мұстафиннің "Миллионерінде"), профессор Мамлюк (Ф. Вольфтің "Профессор Мамлюгінде"), Арқалық (Ж. Шаниннің "Арқалық батырында"), Бекболат (Б. Майлиннің "майданында"), Шыңғыс сұлтан, Әлихан Бөкейханов (С. Мұқановтың "Шоқан Уәлихановы" мен "Сәкен Сейфуллинінде"), Төле би (Т. Ахтановтың "Антында"), М. Яровой (К. Треневтің "Любовь Яроваясында"), Отелло (У. Шекспирдің "Отеллосында"), Уәзір (Н. Хикметтің "Фархад-Шырынында"), т.б. рөлдерді ойнап, Қазақсахнасында көптеген кесек образдар жасады. Әсіресе, Науан хазірет пен Отелло бейнелері - Бадыровтың Қазақсахна өнерін дамытуға қосқан елеулі үлесі. Кейінірек У. Шекспирдің "Асауға-тұсауындағы" Баптиста, М. Әуезовтің "Еңлік-Кебегіндегі" Абыз бейнелері сияқты қарама-қайшы характерлерді сахналауы оның жан-жақты дарынын танытты. М. Әуезов драматургиясы Бадыров шығармашылығынан ерекше орын алып, Жазушының 21 пьесасында ойнады. Олардың арасында Кембай, Көбей, Қараменде, Еспембет ("Еңлік - Кебекте"), Керім ("Абайда"), Сапа, майқан болыс ("Түнгі сарында"), Демеужан ("Бәйбіше-тоқалда"), Маман ("Айман - Шолпанда"), Қобланды ("Қарақыпшақ Қобландыда"), Кәрібоз батыр ("Хан кенеде"), Бөрібасар (Ә. Тәжібаевпен бірігіп жазған "Ақ қайыңда"), Б. Момышұлы, Сталин (Ә. Әбішевпен бірігіп жазған "Намыс гвардиясында") сияқты образдар бар. М. Әуезовтің "Абай" романының инсценировкасындағы Абай рөлі үшін КСРО мемлекеттік сыйлығының берілген (1952). Б. 1940-1941 жылы режиссурамен де айналысып, Ә. Әбішевтің "Жолдастарын" сахнаға шығарды. Кинода Қаратай ("Амангелдіде"), Айдар, Сырттан ("Абай әнінде"), Көреген ("Алып туралы аңызда"), Сәрсен ("Өмір жолында") рөлдерін ойнаған. Бабыровтың "Өткендер мен өткелдер" (1974), "Естен кетпес есімдер" (1981), "Театр, моя судьба" (1987) деген естелік кітаптары, көптеген мақалалары жарық көрді. Екі рет Еңбек Қызыл Ту, "Халықтар достығы" ордендерімен марапатталған.
9 9 жыл бұрын (1915-1981) ақын КАЛАШНИКОВ Иван дүниеге келді.
Ресейдің Челябі облысы Брединск ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті) журналистика факультетін бітірген.
Қазақстан Жазушылар одағы орыс әдебиеті секциясының кеңесшісі, «Қазақстан большевигі» журналы редакциясының жауапты хатшысы, Қазақ мемлекеттік баспасының редакторы, Қазақ радиосының редакторы болып қызмет атқарған.
Алғашқы өлеңдері 1934 жылы жарияланған. «Молодость», «Возвращение», «Левитан» (поэмалар), «Мышка-Мишка», «Илийская степь», «Зимняя сказка», «Воробейка-Воробей» ән жинақтарының авторы.
8 9 жыл бұрын (1925-1977) Кеңес Одағының Батыры БЕКБОСЫНОВ Серікқазы Бекбосынұлы дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданында туған.
1943 жылы Кеңес армиясы қатарына алынып, Ұлы Отан соғысына қатысқан. 300-ші гвардияшы атқыштар полкінің атқышы, қатардағы жауынгері болған. Свирь өзенінен өту кезіндегі көрсеткен ерлігі үшін аға сержант Серікқазы Бекбосыновқа 1944 жылғы 21 шілдеде Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Соғыстан кейін туған жеріне оралып, кеңшарда жұмыс істеген.
Қызыл Жұлдыз, Ленин ордендерімен және медальдармен марапатталған. Өзінің туған ауылында батырға ескерткіш орнатылып, Абай ауданында бір мектептің аты берілген.
6 9 жыл бұрын (1945) «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» президентінің кеңесшісі ДОСМАНБЕТОВ Бақберген Сәрсенұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысында туған. С.Орджоникидзе атындағы Мәскеу инженерлік-экономикалық институтын, Мәскеу басқару институтының аспирантурасын бітірген. 1960-1971 жылдары - «Риссовхозстрой» трестінің аға инженері. 1971-1973 жылдары - Қызылорда педагогикалық инситутының (Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) оқытушысы, комсомол комитетінің хатшысы. 1973-1976 жылдары - Мәскеу басқару институтының аспиранты.
1976-1996 жылдары - Қызылорда педагогикалық инситутының (Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті) аға оқытушысы, кафедра меңгерушісі, проректоры, ректоры. 1996-1999 жылдары - Қызылорда гуманитарлық университетінің ректоры, Қызылорда қаласының әкімі, Арнайы экономикалық аймақтың Әкімшілік Кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1999 жылы Қызылорда облысынан Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші шақырылымында Сенат депутаты болып сайланған. 2007-2011 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламентінің екінші шақырылымында Сенат депутаты - Сенаттың Экономика, қаржы және бюджет комитетінің хатшысы.
Қазіргі қызметінде 2011 жылғы қыркүйектен бері.
100-ден аса ғылыми еңбектердің авторы, олардың арасында «Қазақстан халқының дамуы», «Қазақстан халқының статистикасы», «Рынок труда в Казахстане», «Население Казахстана» сияқты ғылыми еңбектері бар.
«Құрмет» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
6 3 жыл бұрын (1951) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты ТАСБОЛАТОВ Абай Бөлекбайұлы дүниеге келді.
Солтүстік Қазақстан облысында туған. Алматының Жоғары жалпы әскери басқару училищесін, Мәскеудің Фрунзе атындағы Әскери академиясын бітірген. 1969 жылдан бері Қарулы Күштер қатарында қызмет етіп келеді. 1973-1997 жылдары Алматының жоғары жалпы әскери басқару училищесінде курсанттар взводының командирінен училище бастығына дейінгі жолдан өтіп, Мемлекеттік қорғаныс комитетінің бөлім бастығы болды. 1997-2002 жылдары Республика Қарулы Күштері Әскери академиясының бастығы қызметін атқарды. 2002-2006 жылдары Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болды. 2006-2011 жылдары - ҚР Республикалық ұланының қолбасшысы. Қазіргі қызметінде 2012 ылғы қаңтардан бері.
«Даңқ» орденімен, медальдармен марапатталған.
61 жыл бұрын (1953) ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің мүшесі БАЙМАХАНОВ Қожахмет Мәдібайұлы дүниеге келді.
Қызылорда облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. Қызылорда облысының Жалағаш ауданында туған. Томск инженерлік-құрылыс институтын бітірген. Инженер-құрылысшы. Еңбек жолын Қызылорда облысының құрылыс ұйымдарында бастап, бетон құюшы, инженер, құрылыс учаскесінің бастығы, жылжымалы механикаландарылған колонна бастығы болды. 1989 жылдан - Қызылора облысы Жалағаш ауданы М.ККалинин атындағы кеңшар директоры. 1994 жылдан - ҚР Жоғарғы Кеңесі қаржы және бюджет комитетінің халық шаруашылығы бюджетін жұмсау кіші комиитетінің мүшесі, төрағасы. 1995 жыл «Арна» АҚ №17 ЖМК бастығының міндетін атқарушы, бастығы. 1996 жылдан -Қызылорда облысы әкімдігінің құрыыс, тұрғын үй және аумақтарды салу басқармасының бастығы. 1997 жылдан - Қызылорда облысы Жалағаш ауданының әкімі. 1999 жылдан Қызылорда қаласның әкімі. 2005 жылдан «Асар-Холдинг ЛТД» ЖШС құрылыс компаниясының бас директоры болып қызмет атқарған.
Қазіргі қызметінде - 2008 жылғы қазаннан бері. «Құрмет» орденімен, үш медальмен марапатталған. Республиканың еңбек сіңірген құрылысшысы
5 7 жыл бұрын (1957) ҚР Парламенті ҚР Президенті өкілдігінің басшысы НҰРПЕЙІСОВ Қайрат Айтмұхамбетұлы дүниеге келді.
1957 жылы Павлодар облысының Шарбақты ауданындағы Галкино ауылында туған. Павлодар педагогикалық институты мен Алматы Халық шаруашылығы институттарын математик және экономист мамандықтары бойынша бітірген. Еңбек жолын Павлодар стансасының локомотив депосында слесар болудан бастаған. 1982-88 жж. Павлодар облысының қаржы және салық органдарында жұмыс істеп, бас экономистен Павлодар облысының салық комитетінің төрағасына дейін көтерілді. 1998-2002 жж. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, ҚР Мемлекеттік Кіріс вице-министрі қызметтерін атқарды. Соңғы уақытта Павлодар қаласының әкімі болды. 2003 ж. маусымынан Павлодар облысының әкімі. 2008 ж. қазанынан Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары.2009 жылдың тамызынан ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы. "Құрмет" орденінің және бірнеше ҚР медальдерінің иегері.
5 6 жыл бұрын (1958) ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары МЕРКЕЛЬ Иоган Давидович дүниеге келді
Көкшетау облысы (қазіргі Ақмола облысы) Еңбекшілдер ауданы Казгородок ауылында дүниеге келген. Свердловск заң институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген. 1984-1991 жылдары - Көкшетау облысы Чкалов ауданы прокуратурасының тергеушісі, Көкшетау облысы прокуратурасының аса маңызды істер бойынша тергеушісі, Чистопольск ауданының прокуроры. 1991-1995 жылдары - Қарағанды облысы Сарань қаласының прокуроры, Қарағанды облысы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары. 1995-1997 жылдары Торғай облысының прокуроры, 1997-1999 жылдары Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары. 1999-2000 жылдары - Жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік комиссиясының мүшесі. 2000-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөлімінің мемлекеттік инспекторы, бөлім меңгерушісінің орынбасары. 2003-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Әділет бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2005-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты. 2008 жылдың ақпан айынан бастап - Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары. Сыныптық шені - 3-ші дәрежелі мемлекеттік әділет кеңесшісі. Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері.
«Құрмет», «Даңқ» ордендерімен, «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Парламентіне 10 жыл», «Астананың 10 жылдығы», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Республикасының прокуратурасына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медальімен марапатталған.
21 3 жыл бұрын (1801-1874) неміс және орыс физигі, Императорлық Санкт-Петербор ғылым академиясының академигі Борис Семенович ЯКОБИ (Мориц Герман фон Якоби) дүниеге келді.
10 5 жыл бұрын (1909-1972) гана философы, тәуелсіз Гананың тұңғыш премьер-министрі (1957-1960) және тұңғыш президенті (1960-1966) Фрэнсис Нвиа Кофи Кваме Нкрума дүниеге келді.
10 3 жыл бұрын (1911-1969) орыс әншісі, кино актері, РСФС халық әртісі Марк БЕРНЕС дүниеге келді.
6 7 жыл бұрын (1947) американ жазушысы, шытырман, фантастикалық, драмалық шығармалардың авторы Стивен КИНГ дүниеге келді.