21 мамыр. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 21 мамыр күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
67 жыл бұрын (1958) ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының директоры Алексей Юрьевич ВОЛКОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. С. М. Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Малайзия Дипломатия және халықаралық қатынастар институтының курстарын бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: 1981-1991 жылдары Қазақ Политехникалық институтында және Қазақ Мемлекеттік университетінде ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан.1991-1992 жылдары ҚР Халыққа білім беру министрлігінде консультант болып жұмыс атқарған. 1992 жылдан бастап ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқарды. 1992-1996 жылдары БҰҰ бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, меңгерушісі, 1996 -1999 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі, Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілінің орынбасары (Швейцария Конфедерациясы), 1999 -2003 жылдары ҚР Президентінің көмекшісі хатшылығының басшысы, ҚР Президенті Әкімшілігі кеңсесінің мемлекеттік инспекторы, 2003-2005 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары, 2005-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2012-2016 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2016-2021 жылдары Грекиядағы Қазақстан Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымын атқарған. Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қараша айынан бері атқарып келеді.
55 жыл бұрын (1970) Алматы қаласының әкімі Ерболат Асқарбекұлы ДОСАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Алматы энергетика институтын, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді.
Алматы қаласында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы қаласындағы О. Жәутіков атындағы Республикалық физика-математикалық мектеп-интернатын бітірді. Алматы энергетикалық институтын, Бауман атындағы Мәскеу мемлекеттік техникалық университетінде білім алды.
Еңбек жолы: 1997 жылы «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма төрағасының орынбасары, «АТФ Банк» Басқарма төрағасы, 1998 жылы ҚР Премьер-министрі кеңесшісі, 1998 жылы ҚР Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі, 2000 жылы ҚР Қаржы вице-министрі, 2001 жылы Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің төрағасы, 2001-2003 жылдары ҚР Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігінің төрағасы, 2003-2004 жылдары ҚР Қаржы министрі, Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы, ҚР Ұлттық Банкінің басқарма мүшесі лауазымын атқарған. 2004-2006 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрі, 2006-2012 жылдары «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің төрағасы, 2012-2013 жылдары ҚР Экономикалық даму және сауда министрі, 2013-2014 жылдары ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, 2014-2016 жылдары ҚР Ұлттық экономика министрі, 2016-2017 жылдары «Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдинг» АҚ басқарма төрағасы, 2017-2019 жылдары ҚР Премьер-Министрінің орынбасары, 2019-2022 жылдары ҚР Ұлттық банкінің төрағасы болып қызмет атқарды.
Қазіргі қызметінде 2022 жылдың қаңтар айынан бері.
47 жыл бұрын (1978) Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Жанаұлы БАЙПАҚОВ дүниеге келді.

Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданында туған.
Есенов атындағы Ақтау университетін «Тарих пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша (1999 ж.) Халықаралық еңбек академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірген (2003).
Еңбек жолы: Есенов атындағы Ақтау университетінің тарих және философия кафедрасының оқытушысы (1999-2000); Маңғыстау облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының жетекші маманы (2000-2001); Маңғыстау облысының ішкі саясат басқармасының ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің бастығы (2002-2004); Ақтау қаласы әкімінің көмекшісі (2004-2005); «Отан» өнеркәсіпшілер мен кәсіпкерлер республикалық партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Ақтау қалалық өкілдігі төрағасының бірінші орынбасары (2005-2006); Ақтау қаласы әкімі аппаратының басшысы (01.2006-09.2006); Баянды ауылының әкімі (09.2006-10.2007); «Каспий» СК СК» АҚ департаментінің директоры (2007-2010); «Нұр Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі (2010-2012); «CASPI BITUM» БК» ЖШС кадрлар бөлімінің бастығы (2012-08.2020); Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары (17.08.2020-04.2023); Маңғыстау облысының мәдениет басқармасының басшысы (2023-2024).
Қазіргі қызметінде 2024 жылдың шілдесінен бері.
44 жыл бұрын (1981) Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Бауыржан Серікұлы ШӘМЕНОВ дүниеге келді.

Қызылорда қаласында туған. Қазақ гуманитарлық заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген (2002); Қазақ академиялық университеті, Мамандығы: Қаржы және несие (2004).
Еңбек жолы: «Рух» заң фирмасының заңгері (2002); Қызылорда облысы бойынша қазынашылық департаментінің кадр, заң қызметі және арнайы жұмыс бөлімінің бас маманы (2002-2005); Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің бас маманы (2005-2006); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің облыстық департаменті тәртіптік кеңес хатшылығының мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуын бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімінің консультанты (2006-2008); Қызылорда облысы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы (2008-2013); Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары (07.2013-10.2019); Қызылорда облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы (10.2019-05.2022); Қызылорда облысы бойынша Бақылау басқармасының (ГАСК, еңбек инспекциясы) басшысы (05.2022-12.2022).
Қазіргі қызметінде 2022 жылдың желтоқсанынан бері.