21 МАМЫР. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

21 мамыр, С ӘР СЕНБІ
Бүкілдүниежүзілік қарым-қатынас пен даму жолындағы мәдени әралуандылық күні. Қазақстан Бүкіләлемдік табиғи және мәдени мұраны қорғау туралы конвенцияға 1994 жылғы сәуірдің 29-да қосылды. ҚР Ақпарат және мәдениет министрлігі Тарихи-мәдени мұра департаментінің мәліметтері бойынша Қазақстанда 25 мыңнан астам сәулет ескерткіштері бар. Оның ішінде екеуі - Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Тамғалы кешені ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұра тізіміне енген. Аталмыш тізімде әлемнің 120 елінде орналасқан мыңға жуық ескерткіштер бар.
Халықаралық жұмыссыздықтан қорғау күні. Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтері бойынша жұмыссыздардың саны миллиард адамға жетеді. Бұл ғаламшардағы жұмыс күшінің үштен біріне тең.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
7 4 жыл бұрын (1940) қазіргі академик Қаныш Сәтбаев атындағы Геологиялық зерттеулер институты құрылды.
4 8 жыл бұрын (1966) Қазақ академиялық опера және балет театрында «Ақ қанат» балетінің премьерасы болды. Балет үш актіден және үш көріністен тұрады. Балеттің сценарийін жазған - Ә.Мәмбетов, композиторы - Ғ.Жұбанова, балетмейстері - Д.Әбдіров, суретшісі - В.Мамонтов, дирижері - Т.Османов. Басты партияларды Ф.Жолымбетова мен А.Асылмұратов орындады. Балеттің екінші нұсқасы да 1967 жылы маусымның 27-інде осы театрдың сахнасында қойылды. 1970 жылы «Ақ қанат» балетінің музыкасы үшін композитор Ғазиза Жұбановаға Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығы берілді.
1 5 жыл бұрын (1999) ақын Мұхтар Шахановқа халықаралық «Руханият» сыйлығы берілді.
1 5 жыл бұрын (1999) Батыс Қазақстаннан Қара теңіз жағалауына дейін созылатын Каспий мұнай құбырын төсеу басталды.
10 жыл бұрын (2004) Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында бірінші рет Халықаралық органдық музыкалар фестивалі өтті.
9 жыл бұрын (2005) басылым беттерінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлім) өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы жарық көрді.
8 жыл бұрын (2006) Сара Алпысқызы Назарбаева «Асыл жүрек» халықаралық қайырымдылық сыйлығына ие болды. Беделді халықаралық қайырымдылық сыйлығын тапсыру рәсімі «Россия» бас концерт залында өтті. Бұл шараны атақты итальян актері Софи Лорен ашты. Сондай-ақ Орнелла Мути, Джессика Ланг және Стивен Сигал сияқты белгілі актерлер кештің арнайы қонағы болды.
7 жыл бұрын (2007) Павлодар облысындағы Успен ауданының орталығында Кеңес Одағының Батыры Максим Милевскийге ескерткіш орнатылды.
Максим Милевский (1923-2005) Успен ауданының Павловка ауылында дүниеге келген, соғыс басталғанда майданға өз еркімен аттанған. Соғыста Сталинградтан Берлинге дейінгі жорық жолдарынан өтіп, Қырым, Литва және Латвияны азат етуге қатысқан. Қазақстандық жауынгер ұрыстардағы ерлігі үшін Қызыл жұлдыз, 3-дәрежелі «Даңқ», «Отан соғысы» ордендерімен марапатталды. Кенигсберг түбіндегі шайқаста ержүрек командирге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
2004 жылы М.Милевский республика алдында сіңірген еңбегі үшін «Парасат» орденімен марапатталды.
5 жыл бұрын (2009) «Жеті жарғы» баспасынан екі тілде жазылған «Кеден ісі бойынша сұрақтар мен жауаптар» - «Вопросы и ответы по таможенному делу» атты кітап жарық көрді. Авторы - кеден қызметінің полковнигі Бекен Нұрахметов.
Кітапта оқырмандың үш жүздей сұрақтарына жауаптар берілген. Онда қазақстанның заң шеңберiндегі кеден iсi туралы ғана емес, сонымен бірге бiздің елде бекiтiлген халықаралық конвенциялар, басқа да мәлiметтер жинақталған.
4 жыл бұрын (2010) Санкт-Петербор қаласында ҚР Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бастаған қазақстандық делегация ЕуразАЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты. Мемлекетаралық кеңес екі форматта: шағын және кеңейтілген құрамдарда өтті.
4 жыл бұрын (2010) Елбасы «Сәйкестігі міндетті бағалануға жататын өнімнің Кеден одағының кедендік аумағындағы айналысы туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңға қол қойды. 3 жыл бұрын (2011) Астанада ҚР Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов Еуропалық қайта құру және даму банкінің жыл сайынғы отырысына қатысу үшін Қазақстанға келген Босния және Герцеговина Сыртқы істер министрі Свен Алкалаймен кездесу өткізді. Келіссөздер аясында екіжақты ынтымақтастық және қатынастардың даму болашағы, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі өзара ықпалдастығы, сондай-ақ, халықаралық мәселелер бойынша пікір алмасылды.
Кездесу нәтижесінде екі ел сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Босния және Герцеговина Министрлер Кабинетінің арасындағы Дипломатиялық және қызметтік төлқұжат иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімге қол қойды.
3 жыл бұрын (2011) ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы құрметіне арналған мерекелік медаль туралы» 2011 жылдың 17 мамырындағы №83 Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен наградтау қағидалары бекітілді.
Бір жыл бұрын (2013) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңға қол қойды. Заң жеке өмірге араласпауды, жеке және отбасылық құпияны қорғауды қамтамасыз етуге, осы саладағы мемлекеттік реттеуді күшейтуге бағытталған.
110 жыл бұрын (1904) Халықаралық футбол федерациясы - ФИФА құрылды. Федерация құру туралы келісімге Франция, Бельгия, Дания, Голландия, Испания, Швеция, Швейцария елдерінің өкілдері қол қойды. 2 күннен кейін ФИФА-ның алғашқы конгресі ашылып, федерацияның президенті болып француздық Робер Герен сайланды.
ЕСІМДЕР
11 8 жыл бұрын (1896-1983) техника ғылымының докторы, профессор, Қазақстан Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми қайраткері ЗАХАРОВ Вадим Павлович дүниеге келді.
Ресейдің Санкт-Петербор қаласында туған. Мәскеу электртехника институтын бітірген. 1944-1978 жылдары Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтының аға ғылыми қызметкері, зертхана меңгерушісі, ғылыми кеңесшісі болды. 1978 жылдан өмірінің соңына дейін Орта Азия ирригация ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді.
Ол кешенді су торабына арнап су шаруашылғы мен су энергетикасы салаларындағы жұмыстарды экономикалық тұрғыдан есептеу әдістерін ұсынды. Орта Азия республикалары мен Қазақстанда электрлендіру ісі және су энергетикасын дамыту жөнінде бағалы ұсыныстар жасады.
Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
9 6 жыл бұрын (1918-1994) композитор, ұйғыр кәсіби музыкасының негізін қалаушы, Қазақ КСР-нің халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері, Ұлы Отан соғысының ардагері ҚОЖАМИЯРОВ Құддыс дүниеге келді.
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Алматы консерваториясын бітірген. 1951-1952 жылдары Мәскеу консерваториясында тәжірибе жинақтаудан өткен. 1953 жылдан Алматы консерваториясында ұстаздық етіп, профессоры, ректоры, кафедра меңгерушісі болған. Ол - ұйғыр кәсіби музыкасының негізін салушы. Композитор - халық музыка фольклоры әуендері негізінде ұйғырдың тұңғыш операсы «Назугум» мен «Чин Томур» балетін жазған. Сондай-ақ «Алтын таулар», «Садыр Палуан» операларының, «Ризвангүл», «Бостандық туралы ән» симфониялық поэмаларының, «Гүлден Жетісу!» ораториясының, «А.Розыбакиевті еске алу» симфониясы мен Үшінші симфония музыкалық шығармаларының авторы. Қожамияров Қазақстан Композиторлар одағы басқармасының мүшесі, төрағасы, әдебиет және өнер саласындағы Лениндік сыйлық пен Қазақстан Мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі комитеттің мүшесі болған. 2-3-ші сайланған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
«Ленин» орденімен, «Қазан төңкерісі», «Еңбек Қызыл Ту» және «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
6 8 жыл бұрын (1946) Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының орынбасары, «Алтын бесік» журналының бас редакторы, жазушы, драматург, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері БАЛҒАБАЕВ Сұлтанәлі дүниеге келді.
Қызылорда облысының Шиелі ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітіріп, «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде»), «Мәдениет және тұрмыс» (қазіргі «Парасат»), журналдарында, «Жалын» баспасында, Қазақстан Жазушылар одағында қызмет істеген. Он жылға жуық Ғ.Мүсірепов атындағы Мемлекеттік академиялық жастар мен балалар театрында әдебиет бөлімінің меңгерушісі болған.
1978 жылы «Жалын» баспасынан «Жұлдызың жансын» атты қазақ спортшылары туралы деректі повестері мен әңгімелері шыққан. Содан бергі уақытта оның «Алтын сағым», «Құм мен қызғалдақ», «Дала мен дария», «Қазақтың қызыл кітабы» атты повестері мен әңгімелері, мақалалар жинақтары жарық көріп, «Қыз жиырмаға толғанда», «Біз де ғашық болғанбыз», «Қазақша күрес», «Әйелдер әлемі немесе ең жақсы еркек», «Ең әдемі келіншек», «Тойдан қайтқан қазақтар», «Жымбала, Мико және қасқыр» атты пьесалары сахнаға қойылған.
60 жыл бұрын (1954) Қазақстанның халық ақыны ӘБІЛ Қонысбай дүниеге келді.
Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Қазақ ұлттық университетін бітірген. 1977-1980 жылдары - Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінің жауапты хатшысы. 1980-1985 жылдары - «Лениншіл жас (қазіргі «Жас алаш») газетінің Торғай облысы бойынша меншікті тілшісі, облыстық «Торғай таңы» газеті редакторының орынбасары. 1990-1991 жылдары - «Арқалық арайы» газетінің редакторы. 1991-1995 жылдары Торғай облыстық телерадио компаниясының төрағасы қызметін атқарған. 1997-1998 жылдары - Арқалық қаласы мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 1998-2002 жылдары - Астана қаласы әкімі аппаратының тіл саясаты бөлімінің меңгерушісі. 2002-2006 жылдары - Астана қаласы тілдерді дамыту басқармасының бастығы болды. Арқалық қаласының құрметті азаматы.
Ақынның алғашқы жыр жинағы 1980 жылы жарық көрген. Бірнеше прозалық шығармалардың авторы. Қ.Әбіл - белгілі айтыскер ақын. 1990 жылы Ташкент қаласында Базар жыраудың 150 жылдығы құрметіне өткізілген Орта Азия және Қазақстан ақындарының айтысында жеңімпаз атанып, 3-ші республикалық ақындар айтысының бас жүлдесін иеленген. Айтыстары «Мәңгілік көктем», «Жыр-шашу», ауызша әзілдері «Деген екен...» ұжымдық жинақтарына енген.
«Астана» медалімен марапатталған.
5 8 жыл бұрын (1956) ҚР Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы, генерал-майор ОРАЗОВ Еділ Лұқпанұлы дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысының Ақ Жайық ауданында туған. Энгельс әскери зениттік-зымырандық қолбасшылық училищесін, Георгий Жуков атындағы Әуе шабуылына қарсы қорғаныс академиясын бітірген. 1979-1993 жылдары - Энгельс әскери зениттік-зымырандық қолбасшылық училищесінің взвод командирі, батарея курсантарының командирі, оқытушысы. 1993-1998 жылдары - Шыңғырлау аудандық әскери комиссары, Батыс Қазақстан облысы әскери комиссарының орынбасары. 1998-2002 жылдары - Маңғыстау облысының және Ақтау қаласының әскери комиссары. 2002-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Ұлттық университетінің бастығы. 2005-2006 жылдары - «Батыс» өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының орынбасары. 2006 жылы - Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінде әскери атташе. 2007 жылы - Маңғыстау облысының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру басқармасының бастығы. 2007-2010 жылдары - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Радиоэлектроника және байланыс әскери институтының бастығы. 2010-2012 жылдары - ҚР Қорғаныс министрлігінің ҚХР-дағы әскери атташесі. Қазіргі қызметінде 2012 жылдан бастап істейді.
Медальмен марапатталған.
5 6 жыл бұрын (1958) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, тарих ғылымдарының кандидаты ВОЛКОВ Алексей Юрьевич дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетін, Малайзия Дипломатия және халықаралық қатынастар институтының курстарын бітірген. Тарих ғылымдарының кандидаты. 1981-1991 жылдар аралығында Қазақ Политехникалық институтында және Қазақ Мемлекеттік университетінде (Алматы қ.) ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысқан. 1991 жылдан 1992 жылға дейін - Қазақстан Республикасының Халыққа білім беру министрлігінде консультант болып жұмыс атқарған.
1992 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жүйесінде қызмет атқаруда - БҰҰ бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, меңгерушісі. 1994 жылдан бастап - БҰҰ және арнаулы халықаралық ұйымдар басқармасының бастығы. 1996 -1999 жж. - Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі, Женевадағы БҰҰ бөлімшесі жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты Өкілінің орынбасары (Швейцария Конфедерациясы). 1999 -2003 жж. - Қазақстан Республикасы Президентінің Көмекшісі Хатшылығының басшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Кеңсесінің Мемлекеттік инспекторы. 2003 жылдың мамыр айынан 2005 жылдың қыркүйек айына дейін - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2005 - 2012 жж. - Қазақстан Республикасының Польша Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2012 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары болып тағайындалды.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломаттық дәрежесі бар. 2001 ж. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», 2006 ж. «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл», 2008 ж. «Астананың 10 жылдығы» мерейтойлық медальдарымен, 2008 - 2010 жж. Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен, 2011 ж. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен және Польша Республикасы Автокефалдық Православиелік шіркеуінің «Қасиетті Мария Магдалена» орденімен марапатталған. 2012 жылы «Польша Республикасына сіңірген еңбегі» командорлық орденімен марапатталды.
Қазақ, поляк және орыс тілдерінде жаряланған «Қазақстан мен Польша арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнатылуына 20 жыл» атты кітаптың авторы.
Ағылшын және поляк тілдерін жетік меңгерген.
4 7 жыл бұрын (1967) ҚР Президентінің Іc басқарушысы БИСЕМБАЕВ Абай Айдарханұлы дүниеге келді.
Көкшетау облысында туған. 1992 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «әлеуметтік - саяси қатынастар теориясы» мамандығы бойынша бітірген. 1996 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының Нарық институтын «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген. Саяси ғылымдар кандидаты. Еңбек жолын 1984 жылы Көкшетау облысының Құрылыс - монтаждау басқармасында жұмысшы болып бастаған. 1985 - 1987 жылдары - Кеңес әскері қатарында болған. 1992 жылы - Қазақ КСР Ғылым академиясы Экономика институтының ғылыми қызметкері. 1992 - 1994 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мүлік жөніндегі мемлекеттік комитеті инвестициялық қорлар басқармасының жетекші маманы, бастық орынбасары, бастығы. 1994 - 1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің Іс басқармасы аумақтық даму бөлімінің бас инспекторы, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесінің консультанты. 1995 - 1996 жылдары - Қазақстан Республикасының Ұлттық бағалы қағаздар жөніндегі комиссия мүшесі. 1996 - 2006 жылдар - «Азық түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ вице-президенті, президенті. 2006 - 2012 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары. 2012 жылдың қыркүйек айында Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы лауазымына тағайындалды. «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегi үшiн» медалімен марапатталған.
4 4 жыл бұрын (1970) ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі ДОСАЕВ Ерболат Асқарбекұлыдүниеге келді.
Алматы қаласында туылды. Алматы энергетикалық институты, Бауман атындағы Мәскеу Мемлекеттік техникалық университетін бітірді. 1997 ж. - «Тұран Әлем Банкі» ЖАҚ Басқарма Төрағасының орынбасары «АТФ Банк» Басқарма Төрағасы; 1998 ж. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі кеңесшісі; 1998 ж. - Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда Вице-министрі; 2000 ж. - Қазақстан Республикасы Қаржы Вице-министрі; 2001 ж. - Қазақстан Даму банкі Директорлар кеңесінің Төрағасы; 2001-2003 жж. - Қазақстан Республикасы Табиғи монополиялар, бәсекелестікті қорғау және кіші бизнесті қолдау агенттігінің Төрағасы; 2003 - 2004 жж. - Қазақстан Республикасы Қаржы министрі; Қазақстандағы Еуропалық қайта құру және даму банкінің басқарушысы; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқарма мүшесі; 2004 - 2006 жж. - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау Министрі; 2006 - 2012 жж. «Қазинвестбанк» АҚ Директорлар Кеңесінің Төрағасы; 2012 жылғы 25 қыркүйекте - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (№ 390) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрі қызметіне тағайындалды. 2013 жылғы16 қаңтарда - Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен (№ 468) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі қызметіне тағайындалды.
6 5 жыл бұрын (1949-2006) ресей актрисасы, Ресей халық әртісі ПОЛИЩУК Любовь Григорьевна дүниеге келді.
5 9 жыл бұрын (1955) Ресей Федерациясының қорғаныс министрі, мемлекетік және әскери қайраткер ШОЙГУ Сергей Кужугетович дүниеге келді.