21 шілде. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 21 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

65 жыл бұрын (1960) Парламент Мәжілісінің VIII шақырылым депутаты Ирина Владимировна СМИРНОВА дүниеге келді.

Қырғыз КСР Ыстыққөл облысында туған.
1977-1983 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген, мамандығы — «орта мектептің биология пәні мұғалімі». 1979-1983 жылдары Жамбыл облысындағы № 22 орта мектебінің биология пәні мұғалімі. 1983-1984 жылдары СССР АШМ ҒЗИ лаборанты. 1984-1991 жылдары Жамбыл облысы № 22 орта мектебінің биология пәні мұғалімі, сыныптан тыс және штаттан тыс жұмыс ұйымдастырушы. 1991-1993 жылдары Көкшетау облысы Рузаевка ауылында Рузаев орта мектебінде сыныптан тыс және штаттан тыс жұмыс ұйымдастырушы, директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары, Рузаеворта мектебінің директоры. 1993 жылы Алматы қаласындағы № 91 орта мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары. 1996-2006 жылдары Алматы қаласындағы № 68 орта мектеп директоры. 2010-2011 жылдары Алматыдағы № 9 оқушылар үйінің директоры. 2011-2016 жылдары Алматы қаласындағы № 48 мектеп-лицейінің директоры. 2016-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің VI шақырылым депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі. «Жаңа Қазақстан» депутаттық тобының мүшесі (2022-2023).
Қазіргі қызметін 2023 жылдың наурызынан атқарып келеді.
«Қазақстан Республикасының білім беру үздігі» төсбелгісімен, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медалімен, «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медалімен, «Медеу ауданын дамытуға қосқан үлесі үшін» медалімен, «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттықуниверситетіне 80 жыл» медалімен, «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» медалімен марапатталған.
61 жыл бұрын (1963) «Қазақстан медицина ұйымдарының альянсы» республикалық қоғамдық бірлестігінің басқарма төрағасы Дәулетхан Серғазыұлы ЕСІМОВ дүниеге келді.

Көкшетау облысында туған.
Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын (1985) және Қарағанды Қазақ тұтынушылар одағы экономикалық университетін (2001) тәмамдаған. Еңбек жолы: Торғай облыстық ауруханасында интерн дәрігер (1985-1986); Торғай облыстық стоматологиялық емханасында тіс дәрігері (1986-1988); Арқалық қаласындағы орталық қалалық ауруханада хирург (1988-1990); Арқалық қаласының біріккен ауруханасында хирург (1990-1994); Ақмола медициналық университетінде ассистент (1995); Ақмола облыстық ауруханасында дәрігер (1995-1996); ММСҚ Ақмола облыстық бөлімі директорының орынбасары, директорының міндетін орындаушы (1997-1999); Республикалық клиникалық аурухана бөлімінің меңгерушісі (2000-2001); «Шын-Зар» стоматологиялық емханасында дәрігер (2001-2003); РМҚК «Медициналық қызметтің сапасын талдау және бағалау ұлттық орталығының» Астана қаласы бойынша филиалы бөлімінің басшысы (2003-2005); ҚР ДСМ Медициналық қызметтер көрсету саласында қадағалау комитеті басқармасының басшысы (2005-2007); ҚР ДСМ Медициналық қызметтер көрсету саласында қадағалау комитеті директорының орынбасары (2007-2009); ҚР ДСМ Медициналық қызметтер көрсету саласында қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (2009); ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (2009); Астана қаласыДенсаулық сақтау басқармасының басшысы (2009-2011); ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті төрағасының орынбасары (2011-2013); ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті қадағалау комитеті төрағасы (2013); ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің«Республикалық денсаулықты сақтауды дамыту орталығы» бас директорының орынбасары (2014-2016). Ұлттық денсаулық сақтау палатасының төрағасы (2016-2018).
2018 жылдан бастап қазіргі қызметінде.
47 жыл бұрын (1978) Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Абзал Нүкенұлы НҮКЕНОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген (2000). Саясат ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолы: «Отан» Республикалық саяси партиясы Орталық аппараты идеологиялық жұмыс бөлімінің консультанты (2000-2002); «Отан» Республикалық саяси партиясы Орталық аппараты идеологиялық бөлімінің консультанты, сектор меңгерушісі (2002-2005); Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының үкіметтік емес ұйымдармен және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің басшысы (2005-2006); Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары (2006-2009); Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Қазіргі заманғы зерттеулер институтының директоры (2009-2011); Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Заң жобаларының құқықтық сараптамасы және заманауи зерттеулер институты директорының орынбасары (2011); Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының сектор меңгерушісі (2011-2012); Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығы басшысының орынбасары (2012-2013); Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Ахуалдық орталығының басшысы (2013-2016); Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі (2016-2018); «Астана» халықаралық ғылыми кешені директорлар кеңесі төрағасының орынбасары (2018-2019); Қарағанды облысы әкімінің орынбасары (2019-2022); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы (2022-2024).
2025 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.