21 тамыз. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, 21 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
ЕСІМДЕР

Алматы қаласында туған. Ленинград Мемлекеттік университетінің Шығыс факультетінде білім алып, 1987 жылы оқуын тәмамдаған. Тарихшы, шығыстанушы. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесі бар.
1989-1992 жылдар аралығында ҚазССР Сыртқы істер министрлігі Протоколдық-саяси бөлімінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы. 1992-1995 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік протокол басқармасының бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары. 1995-2000 жылдары Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің бірінші хатшысы, кеңесшісі ретінде жұмыс істеді. 2000 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Көп жақты ынтымақтастық департаментінің директоры. 2003 жылдан Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы жанындағы Тұрақты өкілі, Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2008 жылдың ақпанынан желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі. 2009-2011 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, Қазақстан Республикасының Вена қаласындағы халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі ретінде еңбек жолын жалғастырды. 2011 жылдың ақпан және сәуір аралығында – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары. 2011 жылдың 11 сәуірінен 2014 жылдың 17 қыркүйегіне дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі қызметін атқарды. 2014 жылғы 17 қыркүйегінен Қазақстанның Ұлыбританиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2017-2021 жж. Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті елшісі. 2021-2022 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қаңтар айынан бері атқарып келеді.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен (2005), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Заң және қаржы мамандығы бойынша екі жоғары білімі бар.
Алматы облыстық Төрелік сотының судьясы (1995-1996 жылдары); Алматы облыстық сотының шаруашылық алқасының судьясы (1996-2006 жылдары); Алматы қаласы сотының Бостандық ауданының судьясы (2006-2010 жылдары); Алматы қалалық сотының судьясы (2010-2011 жылдары); Алматы қалалық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы (2011-2012 жылдары); Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы (2012-2013 жылдары); Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы (2013-2015 жылдары). 2015-2021 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының мамандандырылған сот алқасының төрағасы.
2023 жылдан бастап қазіргі қызметінде.

Алматы қаласында туған. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін «Халықаралық журналистика» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2001-2004 жылдары – «Shahar» Телерадиокомпаниясы ЖШС-да бағдарламалар журналисі, жүргізушісі. 2004-2005 жылдары – «HiT TV» музыкалық телеарнасының продюсері. 2005-2007 жылдары – «SuperStar KZ» мега-жобасының продюсері. 2007-2008 жылдары – «HiT TV» телеарнасының атқарушы продюсері. 2009-2019 жылдары – Қазақстанның шоу-бизнесі туралы «Go! Go! Magazine» журналының бас редакторы. 2009-2010 жылдары – «MuzZone» музыкалық телеарнасының басшысы. 2010-2012 жылдары – «Балапан» телеарнасындағы «Әліппе» тележобасының және «Бала тілі-бал» отбасылық ойын – сауық шоуының авторы. 2012-2018 жылдары – «Астана» телеарнасында креативті продюсер, кейін 2013 жылы «ORDA FM» радиосының негізін қалап, 2018 жылға дейін сол радионың директоры болып қызмет атқарған. 2018-2019 жылдары – «Қазақстан» РТРК жобаларының бас продюсері.
2019 жылғы тамыздан бастап қазіргі қызметінде.
«Қазақстан Тәуелсіздігі және Елбасы» сыйлығының лауреаты, «Нұр Сұңқар» сыйлығының жеңімпазы.