21 желтоқсан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2015 жылғы 21 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

21 желтоқсан. ДҮЙСЕНБІ

Түрікменстанның бірінші президенті - Сапармұрат Ниязовты еске алу күні. Тиісті жарлыққа қазіргі мемлекет басшысы Құрбанғұлы Бердімұхаммедов қол қойған. С.Ниязов 2006 жылы желтоқсанның 21-інде жүрек талмасынан қайтыс болды.

Сөзжұмбақтың туған күні (1913). Алғашқы сөзжұмбақты («cross-word puzzle») құрушы Ливерпулдан Нью-Йоркқа қоныс аударған журналист Артур Уинн жасады деген жорамал бар. Уинннің өнертабысы неліктен екені белгісіз әйтеуір отандастарына ұнамаған. Сондықтан, автор өзінің 32 сөзден тұратын сөзжұмбағын «Нью-Йорк уорлд» газетіне жіберген. Осылайша, 1913 жылы желтоқсанның 21-де аталған сөзжұмбақ газет бетінде жарияланған.

Нидерландыда Қасиетті Томастың күні. Желтоқсанның 21-і - жылдың ең қысқа және ең қараңғы күні атап өтіледі. Бұл күн - Рождество демалыстары алдындағы мектептегі сабақтардың соңғы күні.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

57 жыл бұрын (1958) КСРО Жоғарғы Кеңесі «халық жауы» деген түсінік жойылған қылмыстық заңнаманың жаңа негізін қабылдады. Онда сот отырысы ашық өтіп, айыпкердің қатысуы міндеттелді.

24 жыл бұрын (1991) 11 тәуелсіз мемлекеттің басшылары жаңа достастықтың тұсауын кесіп, КСРО-ның таратылғанын жариялаған Алматы декларациясын қабылдады. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы құрылды.

23 жыл бұрын (1992) ҚР Жоғарғы Кеңесі «Қазақстан Республикасының прокуратурасы туралы» Заң қабылдады.

22 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтің Жарлығымен «Алтын Жұлдыз», «Халық қаһарманы» атағы, ордендер, медальдар, және басқа мемлекеттік сыйлықтар белгілерінің бейнелері бекітілді. Бұл орденмен тек, қана Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген азаматтар марапатталады. Қазақстан Республикасының Президенті лауазымы бойынша «Алтын қыран» орденінің ерекше түрінің кавалері атанады. «Халық қаһарманы» атағын алған адамдарға «Алтын жұлдыз» ерекше белгісі және «Отан» ордені беріледі. «Отан» ордені - Қазақстан Республикасының жоғарғы ордендерінің бірі. «Отан» орденімен мемлекеттік және қоғам қызметтерінде: экономиканы дамытуда, әлеуметтік салада, ғылым мен мәдениетте, құқық қорғау және әскери қызметінде, демократия мен әлеуметтік саланы дамытуда ерекше еңбектері үшін марапаталады.

20 жыл бұрын (1995) Қазақстанның жаңа Конституциясының қабылдануына байланысты Елбасы Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» Заң күші бар Жарлыққа қол қойды.

20 жыл бұрын (1995) ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасының Израильдегі елшілігі ашылды.

11 жыл бұрын (2004) Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана әкімшілігі жаңа ғимаратының ашылу салтанатында қатысты. Әкімшіліктің ғимараты қаланың орталығында Әуезов пен Бөкейхан көшелерімен қиылысатын Кенесары көшесінде орналасқан. Жаңа ғимарат Қазақстан Республикасы Үкіметінің қолдауымен Кувейт қорының қаражатына салынды.

10 жыл бұрын (2005) Ақмола облысы Ерейментау ауданының орталығында Қанжығалы Бөгенбай батыр атындағы мұражай үйі ашылды. Мұражайдың әр бөлмелері белгілі бір тақырыптарға орайластырыла безендіріліп, сан алуан жәдігерлермен толықтырылған. Мұнда бір жарым мыңдай танымдық тарихи жәдігерлер топтастырылған.

10 жыл бұрын (2005) Орал қаласында ақын Ұлдай Сариеваның «Жапырақ ғұмыр» кітабының таныстырылымы болып өтті.

Көптен бері өлең жазып, есімі әдеби ортаға жақсы таныс болса да, жеке жинағы енді ғана жарық көрген Ұлдайдың кітабына алғысөзді оралдық белгілі ақын Жанғали Нәбиуллин жазған. Сонымен қатар, ақын Ұ.Сариеваның сөздеріне жазылған көптеген әндер бар.

8 жыл бұрын (2007) Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының Құрметті докторы атағы берілді.

6 жыл бұрын (2009) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Тіл жанашыры-2009» байқауының №1 Құрметті белгісімен марапатталды.

Елімізде мемлекеттік тілді дамытуға арналған байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тілдер бойынша комитетінің, «Тіл жанашыры» бірлестігі және «Тіл» журналының ұйымдастыруымен өткен болатын.

4 жыл бұрын (2011) Астанада Ресей-Қазақстан нанотехнологиялар қорын құру туралы құжаттарға қол қойылды.

Құжатқа РОСНАНО, Қазына Капитал Менеджмент», «ВТБ Капитал Активтерді басқару және «12 BF Global Ventures» өкілдері қол қойды. .

3 жыл бұрын (2012) ҚР Ұлттық банкі «Таңбалы петроглифтері» ескерткіш күміс шақаларын айналымға шығарды.

3 жыл бұрын (2012) сақ кезеңі археологиялық қазбалары негізінде «Қанатты барыс туралы аңыз» мультфильмі түсірілді.

3 жыл бұрын (2012) Алматыда ҚР Ұлттық кітапханасының көрме залында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қамал Қармысовтың туғанына 100 жыл толуына арналған еске алу кеші өтті.

3 жыл бұрын (2012) Щучинск-Бурабай курорттық аймағында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Rixos Lake Borovoe» қонақүйі мен «Санта-Клаус ауылын» салтанаты ашу рәсімі өтті.

ЕСІМДЕР

107 жыл бұрын (1908-1978) актриса, Қазақстанның халық әртісі МАЙЗЕЛЬ Любовь Яковлевна дүниеге келді.

1925-1928 жылдары Харьковтың Пролеткульт театры студиясында оқып, өнер жолын осы театрда бастаған. 1934 жылдан қазіргі Лермонтов атындағы орыс академиялық драма театрында қызмет еткен. Майзель орыс және шетел драматургтерінің шығармашылығымен қатар қазақ жазушыларының пьесаларында Сәруар, Көклан (М.Әуезов, «Түнгі сарын», «Қара Қыпшақ Қобыланды»), Қаныкей (М.Әуезов, Л.Соболев, «Абай») тағы басқа рөлдерді ойнады.

86 жыл бұрын (1929-2002) құрметті спорт шебері, республикамыздың он дүркін чемпионы, КСРО-ның екі дүркін чемпионы УЛЬЯНОВ Степан Иванович дүниеге келді. Батыс Қазақстан облысында туған. КСРО чемпионатының және ІІ КСРО халықтары спартакиадасының қола жүлдегері. Теміржолшылар арасында өткен жарыстардың чемпионы. Ульянов екі қолымен көтеру жаттығуында 12 мәрте КСРО рекордтарын және 6 мәрте әлем рекордтарын жаңғыртты. Жаттықтырушысы - А.Костин.

80 жыл бұрын (1935) ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, Қазақстан Республикасы Инженерлік Ғылым Академиясының академигі ҚАМАЛОВ Сухан Мақсотұлы дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

1965-1972 жылдары - Қазақстан Республикасы Геология министрлігінің бас геологы. 1976-1985 жылдары - Орал мұнай және газ барлау экспедициясының аға геологы, бас геологы. 1985-1989 жылдары - «Оралмұнайгазгеология» өндірістік бірлестігінің директоры. 1989-1991 жылдары - Қазақ КСР-нің Геология және жер қойнауын қорғау жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары. 1991-1992 жылдары - «Қарашығанақгазөнеркәсіп» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры. 1992 жылдан «Қазақгазжобалау» газ өнеркәсібі ғылыми зерттеу-жобалау институтының директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының Батысқазақстандық орталығының директоры қызметтерін атқарған.

Республикамыздың барлық аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жобалаумен және жоспарлаумен айналысты. Сол жылдары қоры аса бай сұйық көмірсутекті Өзен және Жетібай кендері ашылды. Ақтөбе экспедициясының бас геологы ретінде тікелей қатысуымен «Жаңа жол» ірі мұнай кен орнын зерттеліп, ашылды. Осы кезеңде бірегей Қарашығанақ газконденсат кені барланды. 90-ға жуық ғылыми еңбектері бар.

«Октябрь Революциясы», «Құрмет белгісі», «Парасат», «Барыс» ордендерімен және медальдармен марапатталған. Орал қаласының құрметті азаматы.

66 жыл бұрын (1949) А.Островский атындағы Батыс Қазақстан облыстық орыс драма театрының (Орал) директоры ЗЕЛЕНЦОВ Юрий Александрович дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында туған. А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірген, орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі. 1976 жылдан - А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтында қоғамдық мамандықтар факультетінің деканы. 1986 жылдан - Теміржолшылар Мәдениет сарайының, кейіннен Жастар Мәдениет сарайының директоры. 1999 жылдан - қазіргі қызметінде. ҚР Президентінің Құрмет грамотасымен марапатталған, Мәдениет қайраткері.

54 жыл бұрын (1961) Қарағанды облысының облысының әкімі ӘБДІБЕКОВ Нұрмұхамбет Қанапияұлы дүниеге келді.

Арқалық қаласында туған. Мәскеу тау-кен институтын бітірген. Техника ғылымдарының кандидаты. Институтты бітіргеннен кейін өз еңбек ісін Шилісай фосфорит кенінде ауысым шебері болып бастаған. 1989 жылдан 2009 жыл аралығында Ақтөбе және Атырау, Астана қалаларындағы мекемелерінде және мемлекеттік органдарда әр түрлі лауазымдарда болған.

2009 жылы желтоқсаннан 2011 жылы шілде аралығында Өндіріс Комитеті өкілі, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар Министрлігінің вице-министрі. 2011 жылы шілдеден бастап - Ақтөбе қаласының әкімі. 2012 жылы ақпаннан бастап Ақтөбе облысы әкімінің бірінші орынбасары болып тағайындалды. «Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005) медальдарымен марапатталған..

47 жыл бұрын (1968) «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының бірінші орынбасары БЕРЛІБАЕВ Данияр Әмірбайұлы дүниеге келді.

Тараз қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Қазақстан Ғылым академиясы Мемлекет және құқық институтында кіші ғылыми қызметкер болған. «ҚазТрансОйл» мұнай тасымалдау ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының атқарушы директоры, президентінің кеңесшісі, «ҚазТранГаз» жабық акционерлік қоғамының вице-президенті, «Intergas Central Asia» жабық акционерлік қоғамы бас директорының орынбасары, «Мұнай және газ көлігі» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының басқарушы директоры қызметтерін атқарған. 2005-2007 жылдары «Intergas Central Asia» акционерлік қоғамының бас директоры болған. 2007-2011 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК вице-президенті, басқарушы директоры, Сауда үйінің бас директоры, «ҚазТрансГаз» АҚ бас директоры. 2011 жлғы қазаннан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ газ жобалары бойынша басқарушы директоры. Қазіргі қызметінде 2012 жылғы ақпаннан бері. «Құрмет» орденімен, екі медальмен марапатталған.

96 жыл бұрын (1918-2007) австриялық дипломат, БҰҰ-ның 4-ші Бас хатшысы, Австрия президенті (1972-1981) Курт Йозеф ВАЛЬДХАЙМ дүниеге келді.

90 жыл бұрын (1925-2013) кеңестік және ресейлік театр және кино актрисасы, РСФСР халық әртісі АРОСЕВА Ольга Александровна дүниеге келді.

66 жыл бұрын (1949-1987) Буркина-Фасо саяси қайраткері, 1983-1987 жылдардағы ел президенті Тома САНКАРА дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар