21 желтоқсан. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 21 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.
42 жыл бұрын (1983) Түркістан облысы Ордабасы ауданының әкімі Азат Әбдіғалиұлы ОРАЛБАЕВ дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Бадам ауылында туған.
2003 жылы Қапланбек гуманитарлық аграрлық-экономикалық колледжін, 2006 жылы Алматы экономикалық университетін экономист мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 2003 жылы «Батсу» ЖШС кадр бөлімінің меңгерушісі болды. 2003-2004 жылдары Ордабасы аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі маманы (арнайы тексеруден өткенге дейін), 2004-2005 жылдары Ордабасы аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бөлімі маманы, 2005-2006 жылдары Ордабасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі маманы, 2006-2007 жылдары Бадам ауыл округі әкімі аппаратында бас маман - іс басқарушы, 2007 жылы Бадам ауылдық округі әкімінің орынбасары, 2007-2010 жылдары Бадам ауыл округінің әкімі, 2010-2012 жылдары Ордабасы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі басшысы, 2012-2017 жылдары Ордабасы ауданы әкімінің аппарат басшысы, 2017-2023 жылдары Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылғы тамыз айынан атқарып келеді.
38 жыл бұрын (1987) Алматы қаласы мәслихатының төрағасы Мейіржан Батырбекұлы ОТЫНШИЕВ дүниеге келді.
Түркістан облысында дүниеге келген. 2009 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша, 2011 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетін «Экономика бакалавры» мамандығы бойынша, 2013 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек жолын 2010 жылы Алматы қалалық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында бас маман ретінде бастаған. 2012 жылы бөлім басшысы, 2014 жылы басшының орынбасары, 2017 жылы басқарма басшысы болып тағайындалды. 2019-2022 жылдары Алматы қаласы Тұрғын үй саясаты басқарма басшысының орынбасары лауазымын атқарды. 2021 жылғы қаңтар айында «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2022-2023 жылдары «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының атқарушы хатшысы, 2023 жылдың қаңтар айында «AMANAT» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың сәуір айынан бастап атқарып келеді.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, партияның «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.
35 жыл бұрын (1990) Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары Дастан Амангелдіұлы ҚҰДАБАЕВ дүниеге келді.
Қарағанды қаласында туған. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін қаржыгер мамандығы бойынша, Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша тәмамдаған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде техника және технология магистрі атағын алды. Алматы Экономика және статистика академиясында экономика ғылымдарының магистрі атанды.
Еңбек жолы: 2008-2010 жылдары Қарағанды экономика және статистика колледжінің қаржы директоры, 2010-2012 жылдары Қарағанды қаласындағы Kassa Nova АҚ Банк филиалының кредит беру бөлімінің менеджері, 2012 жылы Қарағанды облысы әкімі аппараты басшысының көмекшісі, 2012-2014 жылдары Қарағанды қаласы әкімінің көмекшісі, Қарағанды қаласы әкімінің кеңесшісі қызметтерін атқарды. 2014 жылы Қарағанды экономика және статистика колледжінің қаржы директоры, 2015-2017 жылдары Қарағанды облысы жастар саясаты мәселелері басқармасының бас маманы, 2017 жылы Қарағанды облысы жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы, 2018-2023 жылдары Қарағанды облысы еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары - мемлекеттік еңбек инспекторы болды.
2024 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметін атқарып келеді.
90 жыл бұрын (1935-2018) ғалым, Қазақстанда геология-минералогия ғылымдарының негізін салушы доктор, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының корреспондент мүшесі, ҚР Инженерлік Ғылым Академиясының академигі Сухан Мақсотұлы ҚАМАЛОВ дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданында туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. 1965-1972 жылдары Қазақстан Республикасы Геология министрлігінің бас геологі, 1976-1985 жылдары Орал мұнай және газ барлау экспедициясының аға геологі, бас геологі, 1985-1989 жылдары «Оралмұнайгазгеология» өндірістік бірлестігінің директоры, 1989-1991 жылдары Қазақ КСР-нің Геология және жер қойнауын қорғау жөніндегі комитеті төрағасының бірінші орынбасары, 1991-1992 жылдары «Қарашығанақгазөнеркәсіп» мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры болды. 1992 жылдан «Қазақгазжобалау» газ өнеркәсібі ғылыми зерттеу-жобалау институтының директоры, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясы Батыс Қазақстан орталығының директоры қызметтерін атқарған. Республикамыздың барлық аумағында геологиялық барлау жұмыстарын жобалаумен және жоспарлаумен айналысты.
ол жылдары қоры аса бай сұйық көмірсутекті Өзен және Жетібай кендері ашылды. Ақтөбе экспедициясының бас геологі ретінде тікелей қатысуымен «Жаңа жол» ірі мұнай кен орнын зерттеліп, ашылды. Осы кезеңде бірегей Қарашығанақ газконденсат кені барланды. 90-ға жуық ғылыми еңбегі бар.
«Октябрь Революциясы», «Құрмет белгісі», «Парасат», «Барыс» ордендерімен және медальдармен марапатталған. Орал қаласының құрметті азаматы.