22 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 22 қарашада еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын болып, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

қар
Фото: Александр Павский / Kazinform

Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстан аумағының көп бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын түседі.

Елдің оңтүстік-батысында қатты жаңбыр жаууы мүмкін. Ал шығыс өңірлерде антициклон жотасының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы болжанып отыр.

– Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райының сақталады – жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын жауады, оңтүстік-батыста қатты жаңбыр болжанады. Тек ҚР шығысында антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі, оңтүстікте найзағай күтіледі, – делінген синоптиктер хабарламасында.

Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, кей өңірлерде тұман мен көктайғақ болады. Оңтүстікте найзағай күтіледі.

Айта кетейік, бұған дейін синоптиктер 22 қарашада еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы болатынын ескерткен еді. Атап айтқанда, Маңғыстау облысында қатты жаңбыр, Қостанай, Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында көктайғақ пен желдің күшеюі болжанған.