Жексенбіде елдің бірнеше өңірінде тұман түсіп, көктайғақ болады
АСТАНА. KAZINFORM — «Қазгидромет» синоптиктері ертең, 22 қарашада еліміздің бірнеше облысында қолайсыз ауа райы болатынын ескертті.
Атырау облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында тұман түседі. Атырау қаласында түнде және таңертең тұман болады.
Қостанай облысында түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, күндіз жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.
Ақтөбе облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні облыстың батысы мен солтүстігінде секундына 15-18 метрге жетеді.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде күндіз жаңбыр мен қар аралас аздаған жауын-шашын жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде және орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Павлодарда түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады.
Жетісу облысының шығысы мен таулы аудандарында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының оңтүстігі мен орталығында түнде және таңертең жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Қарағандыда түнде және таңертең тұман болады.
Ұлытау облысының шығысында түнде және таңертең жаңбыр мен қар аралас аздаған жауын-шашын жауып, көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Жезқазғанда кей уақытта тұман болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Петропавлда күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын жауып, тұман түсіп, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде облыстың солтүстігі мен шығысында, сондай-ақ Оралда секундына 15-20 метрге жетеді. Оралда түнде және таңертең тұман болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында түнде және таңертең тұман түседі. Өскеменде де түнде және таңертең тұман болады.
Абай облысының солтүстігі мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың солтүстігі мен орталығында секундына 15-20 метрге жетеді. Семейде түнде және таңертең тұман.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман түседі. Қызылордада түнде және таңертең тұман.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз оңтүстік-батысы мен солтүстік-шығысында және таулы аймақтарында секундына 15-20 метрге жетеді.
Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні облыстың батысында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында секундына 15-20 метрге жетеді.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында кей уақытта қатты жаңбыр жауып, тұман түседі. Солтүстік-шығыстан, солтүстіктен соққан желдің екпіні күндіз облыстың батысында секундына 15-20 метрге жетеді. Ақтауда түнде кей уақытта тұман түседі.
Ақмола облысының батысында түнде жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, күндіз жаңбыр жауады. Солтүстігі мен оңтүстігінде күндіз аздаған жаңбыр жауады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз облыстың батысында секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда түнде және таңертең тұман.