22 қазанда Қостанайда «Болашақ жастар үшін» семинары өз жұмысын бастайды

Іс-шара ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізіледі.
Семинарда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығының кеңесшісі Сәбина Дүйсекеева және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау орталығы секторының меңгерушісі Олек Сек сөз сөйлейді.
Семинардың мақсаты - мемлекеттік органдар мен мемлекеттік қызметтер сапасын бағалау мәселелері бойынша сарапшылар сапалы ортақтастығын қалыптастыру, сондай-ақ олардың осы бағыт бойынша «Болашақ» қауымдастығы жобаларына одан әрі атсалысуы. Семинар барысында сарапшылардың қатысуымен мемлекеттік органдар тиімді қызметінің мәселелері және сараптамалық бағалауға қатысу нысандары талқыланады.
Естеріңізге сала кетсек, осы қазан айында Қауымдастық мүшелеріне, «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарына, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғаларға арналған топ бағыттары бойынша білім беру семинарлары басталған болатын.
Семинарлардың мақсаты - озық білім мен технологиялар трансферті арқылы оның қатысушыларының кәсіпқойлығы мен инновациялық әлеуетін дамыту, сарапшылар қауымдастығының жұмысын кеңейту.